-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Тасмағамбетов қызметінен босатылды

    14 тамызда KASE сайтында жарық көрген «Ақтөбе мұнайөңдеуші» ЖШС хабарламасында «Бас директор Ілияс Тасмағамбетовтың өкілеттілігі 2019 жылдың 6 тамызынан бастап тоқтатылды» делінген.

    Ақтөбе мұнай өңдеуші зауытының басшысы Тасмағамбетов қызметінен босатылды. Бас директордың қызметінен кеткені туралы биржадағы жаңалықта айтылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

    14 тамызда KASE сайтында жарық көрген «Ақтөбе мұнайөңдеуші» ЖШС хабарламасында «Бас директор Ілияс Тасмағамбетовтың өкілеттілігі 2019 жылдың 6 тамызынан бастап тоқтатылды» делінген.

    «Бұл шешім осы кәсіпорынның кезекті жалпы жиналысында қабылданды. Сөйтіп кәсіпорынның жарғысына өзгерістер енгізіліп, соған сәйкес алқалы атқарушы орган таратылып, жеке атқарушы орган құрылды. 7 тамыздан бастап компанияның бас директоры болып Александр Ким сайланды», дейді компаниядағылар.

    Компанияда жүргізілген аудит есебіне сәйкес, 2018 жылдың соңында «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС-дағы Ілияс Құрманғалиұлы Тасмағамбетовтің үлесі 17,5% құрады. Википедия мәліметтері бойынша, Ілияс Тасмағамбетов — Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің туған бауырының баласы.

    2016 жылдың желтоқсанында «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС-ға тиесілі зауыт аумағына арнайы операция жүргізіліп, күш құрылымдары бірнеше адамды құрықтаған. Құқық қорғау органы мәліметінше, бұл аумақта арнайы операция мұнай ұрлау және мұнайдың заңсыз айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау үшін жүргізілген.

    Informburo.kz порталы келтірген дерекке сүйенсек, 2016 жылы «Ақтөбе мұнайөңдеу» ЖШС бас директоры Ілияс Тасмағамбетов небәрі 27 жаста болған.

    «Ол Лондондағы бизнес-мектепті, Алматыдағы Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Атыраудағы Мұнай және газ институтын тәмамдаған. Жоғары оқу орындарын аяқтай салысымен Ілияс Тасмағамбетов Ақтөбедегі мұнай өңдеу зауытына бастық болып барды» делінеді портал мәліметінде.

    қатысты посттар

    Миллиондардың сағатын тағып, киімін киген шенеуніктер жұмыстан кетеді

    Фариза

    «Биліктен ақша алған жоқпын, өз ақшамды жұмсадым» — Әміржан Қосанов

    «Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы» Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты жарлығы толық күшіне ене алмады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.