Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Халық санының өсуі тоқал-моқал секілді «шыжың байталға» қарап қалып па?

    Тоқал алу расында, қажет дүние ме, әлде отбасын ойрандауға алып келетін қасірет пе? Соңғы уақытта әлеуметтік желі де осы тақырып төңірегінде ашық пікір талас өрбуде. Бұл туралы Qazweek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

    Соған сәйкес, Филология ғылымының кандидаты,халықаралық журналист Қуандық Шамахайұлы тоқал алуға байланысты әлеуметтік желіде өз пікірмен бөлісті.

    » Фэйсбүкте соңғы кезде басында орамалы бар қартаң қатындар мен кемпір-кешектер айналасындағы бəйбішелерге үндеу тастайтын болыпты. Ондағысы баяғы сол жауыр болған тоқал туралы оттаған әңгіме. Осындай өнбейтін дау-дамаймен қазақтың шаңырағын шайқау кімге керек?! Көп қатын алған араб әлемінде адам саны өскен жоқ. Бір қатынмен-ақ Үндістан халқы миллиардтан асып, өсіп-өніп жатыр. Сонда, халық санының өсуі тоқал-моқал секілді «шыжың байталға» қарап қалып па? Мұндай алжыған кемпірлер мен қағынған кəрі қатындар көп сандалмай салт бас, сабау қамшы болып жүрген ұлдары мен немерелерін үйлендірсін, жасы жетіп келе жатқан қыздарын ұзатсын.
    Тоқал болуға кім келісім берсе — сол жезөкше немесе дүниеқоңыз опасыз біреу. Дені дұрыс қвздар əрдайым өз теңін тауып тұрмысқа шығып кетеді. Ал, біреудің отбасын ойрандап шалға тиетіндер туралы айтудың өзі жиіркенішті», — дейді ол.

    Ал бірнеше күн бұрын белгілі Stan.kz порталында хабарлағандай Отандық этнограф, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ҚР білім беру ісінің үздігі Ғалия Қайдауылқызы әйелдерді ерлерін қызғанбай, оның ғұмырлы болуын тілесе, керісінше, екінші әйел алып беруге шақырған болатын. Этнографтың айтуынша, төсек жаңғыртқан ердің екінші тынысы ашылып, үлкен белестерді бағындырады.

    «Салт-дәстүрлердің озығы да бар, тозығы да бар, жаңғыртуға лайықтысы да бар. Осы жасқа келгенде ойлаймын. Бұрын көп әйел алғанды қаралап, тіпті жұмыстан шығарып, соттауға дейін барды ғой. Негізінде бір еркекке биологиялық жағынан да, адамдық болмысы тұрғысынан да бір ғана әйелмен тұру қиын болады екен. Психологиялық жағынан да айырмашылығы бар ғой еркектің, мысалы әйел «көндім, көтердім» дейді. Балаларына, үй шаруасына айналады, ал ер адамдар — түздікі. Бұрын біздің әжелеріміз өздерінің еркімен, таңдап жүріп, екінші әйел алып берген ғой. Тоқал деп тиісу үшін, тұқырту үшін мүйізі жоқ сиырға теңеп, айтылған әңгіме. Ал негізінде ол тәркек ететін емес, тәртіпке келтіретін дүние, бәйбіше 40-тан асып, сары қарын тартады, өз тыныштығын ойлайды, осы кезде азаматының біреуге көңілі ауған болса, құлшынысы болса, ақылды әйел әншейін арқасынан сипап, екінші әйелді алып бере қою керек екен», — деген пікірде ұстаз-ғалым.

    Ал, әлеуметтік желі қолданушылары көнеден келе жатқан дәстүріміз тоқал алған дұрыс деп қолдап жатса, екіншілері тоқал алуға түпкілікті қарсы екендіктерін жеткізуде.

    қатысты посттар

    Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

    Фариза

    Асқар Мамин үйқамаққа алынғаны хабарланды

    Фариза

    Карантин режимі тағы да ұзаруы мүмкін бе? Министр пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.