16 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сағынтаев: Мемлекет бөлген, халық игілігіне жұмсалған қаржы босқа кетті (видео)

    Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы халқымен кездесті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агентігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Кездесу кезінде әкім кез келген жерде халық пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

    «Бақылау мәселесі болмай жатыр. Адамдар тарапынан мердігерлердің құнттамайтындығы жөнінде шағым көп. Жасап кетеді, артынан қирап жатыр. Егер жол, арықтар жасалып жатса, тұрғындармен келісіп бақылау орнату керек. Көше тұрғындарының көңілі толмаса, қабылдау- тапсыру актісіне қол қойылмайды. Кісілер сапасы дұрыс десе ғана қол қоямыз», — деді әкім.

    Қала басшысы мемлекеттік қаржыны игерудегі олқылықтарды да атады.

    «Президент айтқандай, бізде көп дүние берілген қаржыны тезірек игеру, есеп берумен құтылу болып табылады. Жұмыс 100 пайыз орындалды, аяқталды. Аяқталған ештеме жоқ. Тездетіп ақшаны төлеп тастадық. Өйткені, жоғары жаққа есеп беру керек. Мұның қажеті жоқ. Мемлекет бөлген, халық игілігіне жұмсалған қаржы босқа кетті. Не қаржы жоқ, не жасалған дүние жоқ. Одан да асықпай сапалы жасалсын. Келер жылға көшетін болса, көшсін. Оған түсінікті себеп бар», — деді ол.


    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова облыстық тамыз кеңесіне қатысып, білім мәселелерін талқылады

    Фариза

    Жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін 115 адам қайтыс болған

    Фариза

    Карантинге байланысты мемлекеттік және әскери нысандардың күзеті күшейтілді

    Пікір қалдыру

    3 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.