Воскресенье, 16 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Бір адамның денесі табылды». Көктөбедегі өртке байланысты тергеу жүргізілуде

    Алматыда өрт шыққан Көктөбеде табылған мәйітке қатысты жағдай тергеліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

    11 тамызда Көктөбе баурайы өртенген. Құтқарушылар айтуынша, мың шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров өртті сөндіру кезінде бір адамның денесі табылғанын хабарлаған. 

    Департамент хабарлауынша, Алматы полицейлері азаматтың кім екенін, оның қалай мерт болғанын анықтап жатыр. «Өлім себебін анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалған» дейді баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    Аңшылық туризмі Қазақстан табиғатын қорғай алады ма?

    Фариза

    Президент бірқатар адамға шен мен атақ берді

    Фариза

    Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы бағдарлама әзірленбек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.