11 C
Алматы
Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сұмдық! Қытай билігі қатаң ескерту жасады

     “Лекима” супертайфунының жақындауына байланысты Қытайдың орталық метеорологиялық қызметі дабылдың қызыл деңгейін жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Жұма күні таң атқан кезде тайфун Қытайдың Чжэцзян провинциясының жағалауынан оңтүстікке қарай 365 шақырым жерде болған. Желдің ең қатты екпіні 17 балл (секундына 60 метр).

    Синоптиктердің болжамына сәйкес, жылдамдығы сағатына 20 шақырым болатын “Лекима” солтүстік-батысқа қарай ығысады. Сенбінің таңына дейін Чжэцзян провинциясының жағалауына жетеді. Желдің ең қатты екпіні – 14-16 балл.

    Бұдан соң тайфун біршама бәсеңдеп, солтүстікке қарай ығысады. Синоптиктер Қытайдың оңтүстік-шығыс ауданында жұма және сенбі күндері дауыл болып, нөсер жауады деп ескертіп отыр. Су тасқыны сынды апаттың болу қаупі бар.

    Синоптиктер тіпті кемелердің теңізден оралып, тұрғындардың қауіпсіз жерде қалуы керектігін ескертті. 

    қатысты посттар

    Карантин жеңілдетілді: мейрамханаларға 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

    Фариза

    Абайдың өлеңін оқыған әкімдік қызметкерлеріне айыппұл салынды

    Фариза

    Қызылордада әлеуметтік нысандар жылу маусымына дайын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.