-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Мәдениет және шоу-бизнес

    Мәдени нысандардың маңызы артады

    Мәдени нысандар босқа тұрмай халықтың рухани игілігіне қызмет етуі тиіс. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов саланың тізгінін ұстаған басшылар мен қосшыларға осындай міндет жүктеді. Мәйекті мәдениет, терең тарих, биік рух тоғысқан «Желтоқсан 86» орталығы, «Данқ» залы, «Әлжан ана» тарихи музейі және тағы басқа нысандар жеткілікті. Мол мұраның мазмұны ұлтқа ұран, ұрпаққа үлгі болып халыққа қызмет етуі керек. Осы бағыттағы жұмыстар және мақсаттар мен міндеттер облыс әкімдігінде талқыға түсті. Айталық, 3 бөлімнен тұратын «Желтоқсан 86» орталығында ағымдағы жылдың 8 айында 21 тақырыптық шаралар өтіп, өңірден шыққан 150 желтоқсаншы тіркелген. 63 желтоқсаншының 417 дана құжаттары экспозицияланыпты. Сондай-ақ, 1500 дана құжат электрондық жүйеге енгізілген. Осы секілді атқарылған жұмыстар мен тыңдырылып жатқан тірліктер «Данқ» залы мен «Әлжан ана» музейінде де баршылық. Пайдалануға берілген мамыр айынан бастап бүгінге дейін 7 мыңға жуық келуші «Данқ» залына бас сұғып, ондағы 1,5 миллионнан астам фотошежірелер мен тарихи фотоколлаждарды тамашалағаны соның бір көрінісі. Асқар Исабекұлы нысандарды дұрыс пайдалана білудің маңыздылығына айрықша тоқталып, оны дамытудың жетілдіре түсу керектігін тілге тиек етті. Электронды дерекқор базасын жүйелі түрде жүзеге асыруды баса айтты. Музей қорын толықтыру, жаңа экспозициялармен қамту секілді шаралар да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, өңір басшысы ондағы штаттық бірліктерді барынша үнемді әрі тиімді негізде қалыптастыруды нықтап тапсырды. Жиын барысында облыс кітапханаларындағы ашылған ақпараттық және коворкинг орталықтары туралы да сөз болды. Бүгінге дейін ондай 127 орталық ашылып, 87 ауылдық округті қамтыған. Оның 109-ы цифрландырылған ақпараттық орталық. Олармен тұрғындарға күнделікті тұрмысқа қажетті 8 қызмет түрі бойынша он мыңннан аса қызмет көрсетілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін 21 округте тағы 22 осындай орталық іске қосылмақ. Дегенмен, 26 ауылдық округте орналасқан 29 кітапхана ғимаратында интернет жылдамдығының төмендігіне байланысты орталықтар ашуға мүмкіндіктер болмауда. Аймақ басшысы бұл жайтқа аса көңіл бөліп, интернетпен қамту жұмыстарын жандандыруға назар аудартты. Сонымен қатар, облыс басшысы елдімекендердегі мұндай орталықтардың тиімділігін тұрғындар арасында кеңінен насихаттап, түсіндіру керектігін екшеп ескертіп, олардың бірыңғай жұмыс істеу регламентін қалыптастырудың маңыздылығын жіктеп жеткізді. Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жолданып, хаттамаға енгізілді. Жалпы, облысқа Асқар Мырзахметов басшы болып келгелі бері ауылшаруашылығы мен өндірістен бөлек, мәдениет саласын дамытуға да ат салысып келеді. Солардың бірі осы атқарылған жұмыстар болатын.

    қатысты посттар

    ҰБТ — 2020: санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

    Фариза

    Жамбылдағы пилоттық жоба аясында АӘК алушылар азайған

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.