-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жүк тасымалының жаңа жолы ашылды

    Әулиеата халықаралық әуежайына алғаш рет Монғолиядан ауыр жүк тасымалдаушы ұшағы кеп қонды. Мұндай әуе кемесімен алдағы уақытта Иран, Ирак мемлекеттеріне Жамбыл облысының ауылшаруашылығы тауарлары, оның ішінде ет өнімдері тасымалданады деп күтілуде. Себебі, соңғы жылдары Жамбыл облысы алыс жақын шет мемлекеттерге ет экспортын арттыру бойынша нақты жұмыстарды қолға алды. Мәселен: өткен жылы Меркі ет комбинаты Бахрейн мен Біріккен Араб Әмірліктеріне 116 мың тонна ет жіберген. Алайда, сол тасмалдың барлығы да әуе көліктері арқылы жүзеге асып жатқандығын айта кеткеніміз жөн. Бұл әріптестік қатынас SCAT авиакомпаниясы мен «Әулиеата» әуежайының бірлескен бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Алыс- жақын шетел мен Қазақстан арасындағы сауда –саттықтың нығайып, алыс-берістің артуына жол ашылатын болды дейді сала мамандары. Киелі Тараз жеріне тұңғыш рет табан тіреген ұшақ Монғолияның «Эйрлайнерс» авиакомпаниясының әуе жүк кемесі. Компания жамбылдықтармен ынтымақтасуға мүдделі. Біздің аймақтан өзге елдерге агротауарларды тасымалдайды. Таяу Шығыс елдерінде әсіресе, біздің елдің мал етіне деген сұраныс жоғары. Сондықтан ең алдымен ірі қара мал еті экспортталмақ. Тараз әуежайында жүк ұшағының орналасуы Қазақстан Республикасының бүкіл оңтүстік аймағының жүк тасымалы саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, жергілікті кәсіпкерлерге де зор мүмкіндіктер береді. Яғни, олардың әлемдік нарыққа еркін шығып, серіктестік байланыстарды жақсартуларына да жол ашылады деген сөз. Жүк тасымалын нығайтуға екі тарап та мүдделі. Бұған дейін Қазақстан мен Монғолия арасында әуе жүк тасымалы болған емес. Біздің бұл авиакомпанияның құрылғанына небәрі екі жыл ғана болды. Алғаш боп Қазақстанмен, оның ішінде Әулиеата әуежайымен бірлескен жұмысын бастап отыр. Әлемдік нарыққа шығуға төте жол ашатын бұл бағыттағы әріптестікті одан ары да нығайту үшін келешекте барлық жағдайды жасауға күш саламыз дейді шет елдің менеджерлер. «Әулие ата» халықаралық әуежайы — Еуропа, Орта Азия және оңтүстік-шығыс Азия елдері арасындағы ең жақын авиациялық қатынас жолының бірі. Жүк тасымалдарын дамыту бойынша Монғолиялықтардың еліміз бойынша бірінші болып Жамбыл облысымен әріптестік қарым-қатынасты таңдауының бір себебі де осы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортынан басқа, бұл ұшақпен келешекте медициналық жабдықтар, автобөлшектер, экзотикалық өнімдер, техника, электроника және т. б. сияқты тауарлар тасымалданады. Бұдан бөлек, Қытай және Түркиядан түрлі заттар біздің елге жеткізілмек. Әрине, осыдан бірнеше жыл бұрын халықаралық статус алған Әулеиата әуежайының әлеуеті артып келеді.

    қатысты посттар

    Шымкент: Абай ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    «Ауыл – ел бесігі»: Жамбылда 351 маманға бірреттік жәрдемақы төленген

    Фариза

    Бір жылда Telegrambot арқылы жарты миллион қызмет көрсетілді

    Пікір қалдыру

    seventeen + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.