Елімізге Қытай алмасы таңбаланып келетін болыпты.
Ондай олқы тауарларды тұтынуға АҚШ, Жапония, Малайзия сынды мемлекеттер баяғыда-ақ тыйым салып тастаған.
Суретке қараңыз!.. Бұл – елордалық сауда желілерінің сөресінде тұрған Қытай алмасы, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz порталына сілтеме жасап.
Өзіміз «Салтанат» деп қазақша атаумен әспеттеп жүрген бұл шіркіндерің шірімейді. Қазақстан нарығындағы мүлде құрт түспейтін жалғыз жеміс. Жерге түсіп немесе бәлен шақырым қашықтықтан жеткізетін жүк көлігі ішінде ұрылған жері біздің табиғи алмаларға ұқсап қарайып та кетпейді. Құрамында темірі басым өзіміздің өнімдер сияқты тіс тиген орны сарғаюы керек еді ғой. Өйтпек түгіл, мұнда тістің ізі де қалмайды. Кірш еткізсең, морт сынады. Иісі де, дәмі де жоқ. Неге десеңіз…
Бір кездері мамандардың тынымсыз тасымалданатын мұндай алмаларға шамадан тыс химикаттар қосылатынын, қытайлардың парафинмен өсіретіндігін айтып, дабыл қаққаны мәлім. Ақпарат көздерінен Қытайдағы алма өсіретін қоймада жүрген жүкшілердің денелерін тұмшалап, «скафандр» киіп алатындығын да оқығанбыз. Сосын жеңсік жемістердің әрқайсысына кигізілген торкөзді ақ дәкелерді егеуқұйрық інінің аузына тастаса, соны жеген ол байғұстар бірден өліп кетеді екен.
Осындай толып жатқан әшкере айғақтардан хабардар бола тұра, сол сәтте «азбайтын-тозбайтын» өнімнен үзілді-кесілді бас тартудың орнына, «қара пиардың өзі – пиар» дегеннің керімен жаппай «Салтанат» жегіш болып алдық. «Итжанды» делінетін адамның ағзасы неткен мықты еді?! Итіңнің өзі бұндай болмас…
Қазір бізде Қытайдан экспорттап жеткізілетін жемістердің ішінде алма мен жүзім басым. Бағасы да отандық өнімдерден ептеп арзан. Әсіресе, қазақстандық нарықты 2007-2008 жылдары ерекше қарқынмен жаулап үлгерді де, сол сәтте 60 мың тоннадан артық алма мен алмұртқа (алманың экспорты бірден 90 пайызға өскен) қарық болдық. Енді міне, әрқайсысында бір-біріне ұқсамайтын қытайлық «қолтаңба» жүр. Сауда сөресін суретке түсіруге жазбаша рұқсат сұрап, оның жауабын тәуліктеп тосып отырмағандықтан, дәйек үшін алманың екі данасын сатып ала салуға тура келді.
Осыған қарап-ақ, қысық көз көршілердің «қолдан жасайтындарына» сенбеске шараң қалмайды екен. Ал бұлардағы иероглифтің аудармасын жасауды сол тілді оқығандардың еншісіне қалдырдық. Жалпы, қытайлық тауарлардың құрамынан улы қосындылар жиі табылады. Басқасын былай қойғанда, ыстық суға жедел пісетін кеспелерінде ерлердің ұрығын өлтіріп, белден айыратын қоспа жүргендігі әмбеге аян.
Ондай олқы тауарларды тұтынуға АҚШ, Жапония, Малайзия сынды мемлекеттер баяғыда-ақ тыйым салып тастаған. Біз үшін де Қытай брендін шекарада әбден тексеріп өткізетұғын арнайы зертханалардың болуы аса маңызды.