9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Кімдер өтініш жібермей-ақ 42500 алады: Министр мәлімдеме жасады

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов табысынан уақытша айырылған азаматтарға берілетін 42500 теңге жәрдемақы кей тұрғындарға проактивті түрде тағайындалатынын мәлім етті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

    “Өткен жолғы мәліметтерге сүйеніп, 42500 теңгені неге төлей салмайсыздар?” деген сұрақ қойылып жатыр. Иә, бізде бүкіл мәлімет бар. Бірақ, бүгінгі шектеулер төтенше жағдайға қарағанда жеңілдеу және әр өңірде әр санитарлық дәрігердің шектеулері өзгеше. Көп құрылыс нысандары, қызмет көрсету салалары жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне өткен жолы өтінім бермеген кісілер бұл жолы ақысыз демалысқа кетуі мүмкін. Сол себепті, қайтадан өтініш берілуі тиіс”, – деді ол

    Нұрымбетов министрлік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды қарастырып жатқанын жеткізді. “Өткенде 42500 теңгені сәтті алған тұрғындарды сараптай келіп, жағдайы өзгермеді-ау деп болжаған кісілерге сұрау жіберіп жатырмыз. “Сіз өткенде 42500 теңге алдыңыз, бұл жолы да табысыңыздан айырылдыңыз ба” деген СМС жібердік. “Иә” деген жауап келсе, сол тұрғынға еш өтінішсіз төлем тағайындау шарасын жасаймыз. Сол себепті, бүгін СМС алған кісілер табыстан айырылғаныңызды растаған болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға өтініш берудің қажеті жоқ. Жай ғана өз мәртебеңізді тексерсеңіз, “Сіз үшін өтініш қабылданды” деп жазылып тұрады», – деді Нұрымбетов.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

    қатысты посттар

    Айт намазының алдында нелерді істеу керек?

    Электр энергиясы үшін есеп айырысу жүзеге асу шарттары

    Фариза

    Көлгінов Нұр-Сұлтан тұрғындары вакцина салдыру арқылы екі бөлмелі пәтер ұтып алу ойынына қатыса алатындығын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.