Суббота, 7 ноября 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Жүрегіне оқ тиіп, қайтыс болды». Атамбаевты ұстау операциясында жасақ өкілі қаза болды

    Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде жараланған арнайы жасақ өкілі ауруханада көз жұмғанын хабарлады. Министрліктің дерегінше, операция кезінде 41 адам жараланған, олардың 15-і — арнайы жасақ қызметкері деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

    Дәрігерлердің сөзінше, көз жұмған 22 жастағы арнайы жасақ қызметкерінің жүрегіне оқ тиген. Ол ауруханада қайтыс болған. 

    7 тамызда Бішкек уақытымен кешкі сағат сегіз шамасында арнайы жасақ экс-резидент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын бастаған. 8 тамыз түнгі үш шамасында арнайы жасақ Кой-Таштан шықты, Алмазбек Атамбаевты ұстаған жоқ.

    27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған.Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады.

    Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Прокуратура Атамбаев қылмыстық топтар арасында танымал Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуымен байланысты істе куәгер ретінде танылғанын мәлімдеген.

    Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар деп мәлімдеген. Ол Азиз Батукаевты босатуға қатысы жоғын да айтады.

    қатысты посттар

    Dimond Princess кемесіндегілермен бірге ұшып келген продюсер: Біз үшін шешім қабылдаған әуе компанясы мен билік өкілдері біздің конституциялық құқығымызға қол сұқты

    Фариза

    Назарбаев өзінің туыстары, қаңтар оқиғасы және Кәрім Мәсімов туралы айтты

    Фариза

    Алматы қаласының бас санитары Айзат Молдақасымова өзінің ақшалай сыйақы алғанын растады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.