Пятница, 28 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Көк галочка бар…» Қайрат Нұртас алаяқтардың құрбаны болды

    Алаяқтар әншінің атынан ақша, көлік және пәтер ұтысқа тігілетінін хабарлап жатыр  Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Алаяқтар танымал әнші Қайрат Нұртастың атын жамылып, қазақстандықтарды алдап жатыр. Бұл туралы оның анасы Гүлзира Айдарбекова хабарлады.  

    Әдетте алаяқтар әншінің атынан ақша, көлік және пәтер ұтысқа тігілетінін хабарлайды. Ал кейбір аңғал желі қолданушылары парақшаның атын да оқымайтын көрінеді.    

    «Мына өтірік парақшалар біздің атымызды пайдаланып, жұртты алдауды табыс көзіне айналдырып алған. Былтыр жасаған жарнамамызды өз парақшаларына салып жатыр. Біздің жеке парақшамыздан көрмесеңіздер, сенбеңіздер», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова instagram парақшасында.

    Оның айтуынша, ақшасынан айырылып, шырылдап жатқандар көбеюде.

    «Біздің нағыз парақшамызда көк «галочка» бар екенін ұмытпаңыздар», — деп ескертті әншінің анасы.

    қатысты посттар

    Төреғали Төрәлі: Әкім болғым келмейді, жұрт ақысын жеп жүрген

    Фариза

    Баян Алагөзова күйеуінің бизнесін рейдерлік жолмен тартып алғысы келгендердің аты-жөнін атады

    Фариза

    Танымал режиссердің ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды

    Пікір қалдыру

    3 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.