-7.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Полицейлер бақ сынасты

    Қоғамдық  тәртіпті сақтап, қылмыспенкүресу жолында аянбай қызмет етіп, темірдейтәртіп орнатумен күресіп жүрген жамбылдық полиция қызметкерлері өздерінің сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін көрсетіп, өнер додасында бақ сынасты. 

    Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы қарсаңында өткен «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауына Тараз қаласы мен аудандардан келген қатардағы учаскелік полициядан бастап, арнайы жедел бөлімінің қызметкерлері де қатысып, ақынның шығармаларын оқыды. 

    Бірі қолына үкілі домбырасын алып, шарықтата ән салса, енді бірі мәнерлеп өлең оқудан алдына жан салмады.

    Көрікті ой мен кемел сөздің зергеріне айналған Ұлы Абайдың тәлім-тәрбиеге толы Қара сөздерін, өлеңдерін мәнерлеп  оқып, көрермендердің көзайымына айналды. 

    Әдетте заң талаптарының қағидасыменқатқыл өң танытып жүрген тәртіп сақшыларыбайқау барысында өнерге деген ілтипатынтанытып, өнерден құр алақан еместіктерінтанытты. Қоғамдық тәртіпті күзетіп, бұзақыларды түзетіп жүрген Полиция қызметкерлері бұл байқауда дәстүрлі өнерпаздардан кем түспеді. Қазылардың қатал сынынан өтіп, әділ бағаларын да алды.

    «Өнерліге өріс кең» демекші, «Көзімнің қарасы», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Ғылым таппай мақтанба» және тағы да басқа өлеңдері мен әндерін нақышына келтіре шырқап, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

    Жамбыл облыстық Полиция департаменті, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық офисі іс-шараныұйымдастыра отырып, Ұлы ақынның өлеңдері мен шығармаларын орындауды тек қоғам белсенділері мен зиялы қауым арасында ғана емес, сонымен бірге, құқық қорғау қатарындағы қауымды қамтуды жөн көрген. 

    Әдебиет әлеміне қадам басып, 18 қатысушының ішінен, топ жарып Абайдың 43 шумақты «Ескендір» поэмасын мүдірмей,мәнерлеп оқып, көркем сөзбен көрікті ойын жалғаған  Сарысу аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Руслан Мусаев өзгелерден оқ бойы озық көрініп, топ жарып, үздік деп танылды.

    2-ші орын Полиция департаментінің Жеделкриминалистикалық басқармасының ағакриминалисі Ақбота Махамбетоваға бұйырды. Ақбота «Жүрегім, нені сезесің» өлеңін көрермен қауымға сезіммен жеткізіп, ерекше әсер қалдырды.

    Ал, Шу аудандық полиция басқармасыныңучаскелік полиция инспекторы Бауыржан Төлеубай «Көзімнің қарасы» әнін орындап, жүлделі 3-ші орынды иеленді.

    қатысты посттар

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Фариза

    ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.