4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Мәдениет және шоу-бизнес

    «Қыздар ана жерлеріңе ие болыңдар…»

    YouTube желісіндегі «The real gap» бағдарламасының жаңа шығарылымында «Қазақстанда феминизм бар ма?» тақырыбы қозғалып, продюсер Баян Мақсатқызы өз пікірімен білдірді. Қазіргі қоғамдағы феминизм, әйелдер құқығы, қазақтың отбасы институты, бала тәрбиесі сөз болды. Продюсер қазақ менталитетіне сай балаға берілетін тәрбиенің қыздарға қаталдығын айтып өтті.

    «Бізде қыздарға «қыздар, ана жерлеріңе ие болыңдар» деп айтылады, ал ұлдарға тәрбие мүлде өзгеше, олар жауапкершілікті сезінбейді. Соңында бәріне қыздар кінәлі болып шығады» — дейді Баян Мақсатқызы.

    https://www.instagram.com/p/B0s8Xd5gAEt/?igshid=1677ok8fwbtnd

    Сонымен қатар, Баян Алагөзова өз қыздарына қандай тәрбие беріп жатқанын айтты. Өмірінде бір рет болсын ер адамға дауыс көтермеген ол қыздарына да сондай болуды үлгі ретінде көрсетіп бергенін айтады.

    https://youtu.be/8NN5y5oYpHU

    Продюсердің «феминизм» туралы пікірін, ойын қолдаған оқырмандар да өз жазбаларын қалдырып жатыр:

    «Дұрыс, қыз бала абыроймен аттаса босағаны, жұбайымен баянды өмір сүреді, ұл баланы қатал тәрбиелеу керек, мықты азамат болып, қыздардың намысын таптамасын!», «Өте дұрыс айтты осы жолы. Тек қыздар емес, ұлдарда тыйылып жүрсін», «Ұл балаға айту керек жауапкершілікке тәрбиелеу керек!», «Өте дұрыс айтады» — десті оқырмандар. Сондай-ақ, Баян Мақсатқызының бұл айтқанына қарсы пікір айтқанда да, онымен келіспейтінін жеткізгендер де баршылық.

    қатысты посттар

    Түркістанда бейтаныс жігіт бойжеткенді алып қашып, арам ойын жүзеге асырған

    Фариза

    Димаштың португалдық жанкүйері қазақтардан кешірім сұрады (видео)

    Грузияда қазақ қызын зорлады деген күдікке ілінген ер азамат түрмеде қайтыс болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.