Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясатСаясат

    Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды

    Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы президенттің көмекшісі болды.

    Тиісті жарлыққа бүгін Қазақстан президенті қол қойды деп хабарлайды Stan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», — делінген жарлық мәтінінде.

    2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың 29 маусымына дейін Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Кейіннен бұл лауазымға оның орнына Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек келді.

    Бұған дейін Мәулен Әшімбаев Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған.

    Әр жылдар ішінде ол аға сарапшы, сектор меңгерушісі, президент әкімшілігінің талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

    Әшімбаев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің талдау орталығының басшысы болды.

    Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

    2012 — 2016 жылдар аралығында Мәулен Әшімбаев парламент мәжілісінің V шақырылымының депутаты болды. 2016 жылдың наурызында VI шақырылымның төменгі палатасының мүшесі болды.

    қатысты посттар

    Тазабеков мектептерде дәріс оқуға тиым салған Білім министріне жауап берді

    Фариза

    Президент Масанчи ауылында болған жаппай төбелес туралы: Жағдай бақылауға алынды

    Фариза

    Билікті жамандап жақсы очко жинап отыр… — Нұрболxан Шарапов

    Пікір қалдыру

    seven − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.