-4.1 C
Алматы
Пятница, 20 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жүректі жылытқан тұрғындар: Ақмола облысында бір ауыл жетімдерді асырап алған

    Жастары қалаға кетіп, қаңырап қалған Ақмола облысындағы Алғабас ауылында оқушы саны жетпей, мектепке жабылу қаупі төніп тұр. Тіпті елді мекеннің өзі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр екен. Себебі халқы жылдан жылға азайып барады.

    Білім ордасы жабылып қалмас үшін тұрғындар ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын, екінің бірі бара бермейтін қадамға барыпты. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Ақмола облысы Жақсы ауданынан 75 шақырым жердегі Алғабас ауылында небәрі 200 ғана адам тұрады. Балалардың саны тіптен аз. 29 ғана. Сондықтан мектептің жабылып қалу қаупі болған екен. Бірақ ауылдың тұрғындары екінің бірі жасай алмайтын үлкен істі қолға алады. Яғни, жетімдер үйінен балаларды асырап алып, білім ордасын сақтап қалыпты. 

    Ауылдағы тоқсан жылдық тарихы бар білім ордасында 2008 жылдан бастап бастап оқушылар саны азая бастаған. Себебі, жұмыс жағдайы болмай, жұрттың көбі жақын аудандар мен қалаларға көшіп кете бастапты. Сол кезде ауыл тұрғындары балалар үйінен 22 баланы патронаттық тәрбиеге алып, мектептің жабылуына жол бермеген.

    «Келген кезде олардың мінездері сабырсыз, құбылмалы, шапшаң мінездері болатын. Ендікөп ұлтты балалар деп айтуға болады. Оның ішінде орыс халқының балалары бар. Белорусь та бар, чуваш, неміс те бар. Келген кезінде қазақша білмейтін. Қазір бәрі қазақша таза сөйлейді», — дейді Алғабас негізгі мектебінің директоры Бибі Рахымжанова. 

    Биыл он жасқа толған Алина — осы мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі асырап алған отбасындағы екінші бала. Үлкені Нариман оқу бітіріп, жұмысқа тұрған. Өз балаларымен қатар өгейсітпей өсіріп, қорғаншы болған ана  патронаттық бала тәрбиесі жөнінде осы істің бас-қасында жүрген мектеп ішіндегі жауапты маман. 

    «Менің Нариман деген балам болса, жайдан-жай ренжіп қалатын. Сонда мен айтамын не болды деп. Барлығы жақсы дейді. Енді неге ренжейсің десем, білмеймін дейді. Өзі іштей бірнәрсеге ренжіп жүрді ме, кезінде ата-анасы тастап кеткенге ренжіді ме? Бізді де солай істейді деп ойлай ма, білмеймін. Қазір өз балам секілді, жақсы қарым-қатынастамыз», — деді Алғабас негізгі мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Ғайша Каримова. 

    Ал Нариманнан кіші Алина осы ауылда бір айдай тұрып, ауыл ұнаған соң өз еркімен қалғанын айтты. Аудандық «Екі жұлдыз» байқауының «Жас талант» номинациясын жеңіп алған ол әнге әуес.

    «Жетімін жылатпаған елміз» дегенмен өзге балаға мейіріміңді төгу оңай емес. Тұрғындар қобалжыды, жүректерінде үрей де болған. Оның үстіне, туған балалары бұған қалай қарайтыны тағы бар. Бірақ ауыл азаматтары істеген істеріне еш өкінген жоқ. Ал балалар ауылдың өміріне тез бейімделіп кеткен.

    «Маған қатты ұнады бұл ауыл. Сосын мені Есілге апарды да сұрады. Ұнады ма, ұнаған жоқ па? Айттым ұнайды деп. Сосын мені осында қалдырды. Мама маған Қуаныш деп ат қойды. Менің арманым болатын жылқыға мініп үйренемін деген. Соны орындадым осында», — дедң Қуаныш. 

    Аудан әкімдігі патронаттық жолмен бала асырап алған ауыл тұрғындарының жағдайымен таныс, әрі барлық жағынан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бірақ елді-мекендегі халық саны азайса, мектеп тұрмақ ауылдың өзі жабылуы мүмкін екен.

    «Егер де Алғабас ауылында 50 шақты ғана адам қалса, біз міндетті түрде мектеп жабылуы тиіс. Ауыл жабылады да, көше ғана болып қалады. Сондықтан бізге халықтың азайғаны тиімсіз», — дейді Жаңақима ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Шолпан Сыздықбаева. 

    Алайда алғабастықтар оған жол бермейміз дейді. Жаңа оқу жылына дейін тұрғындар Ақкөл балалар үйінен тағыда бірнеше баланы  қамқорлыққа алуды жоспарланып отыр.

    қатысты посттар

    Тик-токқа шығып кеткен ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды (видео)

    Фариза

    Қазіргі заманның қорқынышты кейпін көрсететін 20 фото

    Таразда көпқабатты үйде болған жарылыстан қаза тапқандардың саны артты (видео)

    Пікір қалдыру

    20 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.