25.3 C
Алматы
Вторник, 29 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жантүршігерлік жағдай: Үш басты сәби өмірге келді

    Үндістанда үшбасты сәби өмірге келді. Сәби сирек кездесетін дертке шалдыққан. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап xабарлайды.

    Қыз бала 11 шілде күні Уттар-Прадеш штатында өмірге келді. Дәрігерлер балада энцефалоцеленді анықтады. Ол бас сүйегі мен мидың туа біткен ақауы, миының бір бөлігі бас сүйегінің сыртында орналасқан.

    Сүйек тіні дұрыс бітпегендіктен қыз баланың бір қарағанда үш басы бар секілді көрінеді. 

    Дәрігерлер анасының жүктілігі қалыпты өткенін айтады. Қазір сәбидің дұрыс жетілмеуіне не себеп болғанын мамандар анықтап жатыр. 

    «Бұл өте сирек кездесетін дерт», — деді ұйымның бақылаушы өкілі Раджеш Тхакур. 

    «Баланың денесі толық жетілмеген. Біз тексеруден өткізіп, сосын ота арқылы баланың бастарын ажыратамыз», — дейді дәрігерлер. 

    қатысты посттар

    Қызылорда: 146 ауылдық округтің өз бюджеті бар

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»: Жалағашта мектеп жөнделуде

    Фариза

    Біздің елде әлі күнге қуғын-сүргін құрбандарына бір минуттық үнсіздік құрметі көрсетілмейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.