6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда «Мектепке жол» акциясы басталды

    Жамбыл облысында бүгінгі таңда 28 000 – нан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тіркелген. Жыл сайын олардың әлеуметтік мәселелерін шешіп, жан-жақты көмектесу үшін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады. Биылғы жылы да дәстүрлі жоба жалғасын тапты. Ол жөнінде толық мәліметті «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмилә Бекбатырова айтып өтті. Журналистермен өткен брифингте негізінен бұл акцияның бастапқы мақсаты түсіндірілді. Биылғы жобаның атауы «Жүректен жүрекке» үндеуімен өтеді. Өткен жылы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 32 мың-нан астам балаға 324 млн теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген. Қазіргі уақытта қайырымдылық акциясын ұйымдастыру бойынша Тараз қаласы мен аудандар да іс-шаралар жоспары әзірленіп, ақпараттық жобалар жүргізілуде. Сондай-ақ, акцияға қатысуға ниет білдірген барлық азаматтар 30 қыркүйекке дейін білім бөлімдеріне хабарласып, көмекке мұқтаж балалардың тізімін ала алады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Бүгінгі күнге көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың нақты саны — 28230. 2018 жылы аталған акция аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 32106 балаға көмек берілгендігін атап өткен жөн. Оның ішінде 14388 балаға жергілікті бюджет есебінен материалдық көмек көрсетілсе, 17718-не демеушілер қолдау танытты. Биылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық аудандар мен Тараз қаласында «Қайырымды жүрек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, мектеп жәрмеңкелері, «Бірінші сыныпқа бірінші рет», «Балаға мейірім сыйла» атты мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ сайттарда «Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?» тақырыбында ақпараттық акциялар өтеді. Көмекке мұқтаж балалардың дерек қоры жасалып, дәлелсіз себептермен сабаққа бармайтын немесе сабақты жиі қалдыратын балаларды анықтау және есепке алу мақсатында құқық қорғау органдары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен компьютерлік клубтарда, саяжайлар мен базарларда, вокзалдарда т.б.көңіл көтеретін орындарда бірлескен рейдтер өткізіледі. Білім басқармасында 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану мақсатында байланыс телефондары қызмет етеді. Баспасөз мәслихатының соңында білім саласының мамандары — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жамбылдықтарды осы акцияға белсенді қатысуға шақыру.

    қатысты посттар

    Б.Нарымбетов: Шымкент — ақылды, жасыл әрі қауіпсіз қалаға айналады

    Фариза

    Қолөнер шеберінің еңбегі

    Абай Құнанбаевтың туған күніне орай Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданында ұлы ақынға арналған орталық алаң ашылды

    Пікір қалдыру

    6 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.