11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шығыс Қазақстандағы Елеке сазы қорғанынан алтын жәдігер табылды

    Облыс әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында 2016 жылы басталған аймақтың археологиялық ескерткіштерін зерттеу бойынша облыстық бағдарламаның екінші кезеңін іске асыру барысымен танысты. Елеке сазы жазығында еліміздің танымал археологтары Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубеков бастаған зерттеушілер тобы биылғы жылы табылған құнды жәдігерлермен таныстырды.

    2019 жылдың басты жаңалығы — Елеке сазы жазығындағы «Патша» қорымынан табылған мүйізі алтын сымнан өрілген бұғының бейнесі және алтыннан құйылған арқар мүсіндері мен ұсақ моншақтар.

    Өткен жылғы қазба жұмыстарында Елеке сазында «Алтын адам» табылған болатын. Ал биыл да осы аумақтан ерекше жәдігерлер табылып отыр. Олар біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасырдағы ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін сипаттайды. — Алғашқы қадамымыз жаман емес, үмітіміз зор. Әзірге алғашқы жәдігерлерді ғана қазып алдық, қалғаны осы айдың аяғына қарай толық қазып алынады деген ойдамын, – дейді Зейнолла Самашев.

    Бұл Қазақстан тарихына деген жаңаша көзқарас. Халқымыздың тарихын қайта жаздыратын тың мұралар. Көне жәдігерлер біздің тек көшпелі ел болмағанымызды айқындайды. Олар ата-бабамыздың біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасырда-ақ жоғары деңгейдегі өркениетті қалыптастырғанын дәлелдейді. Биыл облыс әкімдігі «Ұлы дала алтыны» көрмесін Стамбул қаласында ұйымдастырады. Ал 2020 жылы Англия елінің көрмелеріне жеткізу жоспары тұр.

    – Елеке сазы біздің заманымызға дейінгі сегізінші ғасыр мен біздің заманымыздың сегізінші ғасырына дейінгі аралықта үздіксіз даму байланысының барын білдіретін құбылыс. Жұмыстар аяқталған соң бұл атырап халқымыздың мақтанышына айналатынына сенімдімін. Сонымен қатар мұнда Азия құрлығында кездеспейтін Қаған кешенін де зерттейміз. Біз Білге қағанның, Күлтегіннің кешендері Моңғолияда табылғанын білеміз. Елеке сазында табылған кешен олардың планеграфиясын қайталайтын бірегей кешен. Жақын арада біздің қос ғалымымыз әлемге жаңа Қазақстанды көрсететініне сенімдімін, – деді Даниал Кенжетайұлы.

    Алдағы уақытта Әбдеш Төлеубековтың жетекшілігімен ірі қорғандардың бірі саналатын «Сардар-1» қорымы ашылатын болады. Айта кетсек, аталмыш учаскені қазу барысында ерте сақ дәуіріне тиесілі кезеңде қолданылған медициналық құралдар мен темір пышақтар және қанжар қынымен табылған болатын.

    қатысты посттар

    Талас ауданында дзюдодан облыстық турнир өтуде

    Фариза

    Б. Сапарбаев: «Құрылысқа бөлінген қаржы толығымен игерілуі тиіс»

    Фариза

    Әлеуметтік саланың әлеуетін арттыру басты назарда

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.