-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Алакөлде республикалық веложарыс өтті

    Шығыс Қазақстан облысы Алакөл жағалауында бұқаралық спорттан ІІ республикалық веложарыс өтті. Еліміздің әр өңірінен келген 100 спортшы 16 шақырымдық жарысқа түсіп, мықтысы анықталды. Күннің қаптап ыстығына қарамастан 4 жастағы баламен бірге 80 жастағы қарттар да бақтарын сынады. Жас ерекшелігі белгіленбеген бұл жарыс еліміздің туристік инфрақұрылымы дамыған Алакөл жағалауында өтуі қатысушылар мен көрермендерді қуантты.

    – Мен көрермен және спорт жанкүйері ретінде биыл екінші рет бұл жарысты тамашалап отырмын. Өту барысы мен ұйымдастырушылық жағы өте жоғары деңгейде. Алакөл жағалауы жыл сайын көркейіп, абаттандыру жұмыстары көз тартады. Жақсы демалыспен қатар түрлі жарыстардың, мерекелік кештердің өтуі жұртшылықты қатты қуантып, керемет көңіл-күй сыйлайды, — дейді астаналық демалушы Маржан Әлібекқызы.
    Шара қорытындысы бойынша І орынды үржарлық Нұртай Байтиков иеленіп, жүлдеге қойылған су жаңа велосипедті мінді.

    Сонымен қатар, жарысқа қатысқан ең жас және егде жастағы азаматтар Әмірғали Мұратбеков, Айжан Кимадиева, Нұрланбек Сандыбаев, Зияш Жақыпбекова, Нұртай Байтиков, Евгений Медведь «Абсолюттік жеңімпаз», «Жеңіске деген жігері үшін» атты номинацияларға ие болды. Барлық қатысушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Ауқымды шараның еліміздің Шығысындағы көрікті жерлерінің бірі – Алакөл жағасында өтуі өте орынды. Өйткені туристік мекен жыл сайын ажарланып, жаңа реңге ие болып отыр.

    Қазіргі күні облыс әкімі Даниал Ахметовтың басшылығымен Алакөлде абаттандыру, көгалдандыру, құрылыс жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, ірі жобалар іске асырылған. Бұл туристік кешеннің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін еселеп, ел мақтайтын мекеннің келбетін келтірді. «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында орталыққа заманауи поттар орналастырылып, кез келген демалушы ұнаған демалыс үйін онлайн жүйеде таңдай алады. Сонымен бірге, ажарымен көз тартатын арбат пен ондағы түрлі-түсті субұрқақтар, көл жағасындағы оазис бағытында қолға алынған саябақ, Қабанбай ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен көл жағасында бой көтерген жаңа нысандар атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Соңғы деректер бойынша көл басына шомылу маусымы басталғалы еліміздің барлық облыстары мен шақын шетелдерден 1 миллионға тарта демалушылар келген. Бұл Алакөлдің имиджін көтеріп, туристік саланы дамытуда. Демалушылар қолайлығы үшін поезд жолы ашылып, арнайы әуе рейстері де тыңғылықты жұмыс жасап тұр.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «САЛАМАТТЫ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

    Фариза

    Байзақта шағын футбол алаңы ашылды

    Фариза

    Қазалыда дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.