-15.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Руxани жаңғыру: облыстық ардагерлер кеңесі – Зайсанда төрінде

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында ұйымдастырылған облыстық ардагерлер кеңесінің көшпелі отырысы Зайсан қаласында болды. 40-тан аса ардагерлерді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шерубаев Айтқазы Сейітұлы бастап келді.
    Аудандық «Ақ әжелер», Дайыр ауылдық округінің «Ғасыр әже» ән-би ансамблінің әжелері өз замандастарының қадамын құтқа балап шашу шашып, ақ тілектерін арнады.
    Ардегерлер алқасы іс-шараны «Мұрагер» атты ардагерлер үйінде семинар-кеңеспен бастады. Онда Айтқазы Сейітұлы жыл басынан бері әр аудандық ардагерлер кеңесі төрағаларының атқарған жұмыстарын саралап айтып берді.
    Келесі сөз кезегін алған облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құсанова Ғалия Бейсембайқызы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағаларын алдағы уақытта атқарылуы тиіс тапсырмалармен таныстырды.
    Келесі күні ардагерлер қаладағы майдангерлер ескерткішінде болып, соғыс даласынан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
    Бұдан кейін ардагерлер үшінші алтын адам табылған киелі өңір Шіліктіге сапар шекті. Айта кетсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі орындарының республикалық картасына ШҚО-ның 8 тарихи объектісі іріктеліп алынған болатын. Соның бірі – Шілікті қорығы. Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Негізі бұл өңірдің тарихи жәдігерлер мен киелі мекендерге бай екені белгілі. Соның бәрі тізімге алынып, арнайы бағдарламалар қабылданды. Нәтижесінде, Қоңыр әулие үңгірі және Ырғызбай ата кесенесімен қатар, өңірдегі киелі жерлер картасына Шілікті, Берел қорымдары, Аблайкит ғибадатханасы, «Абай-Шәкәрім» мемориалды кешені, Қиын-Керіш, Белуха, Ашутас таулары, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кесенесі, «Алаш арыстары» музейі және тағы басқа қастерлі орындар енгізілген. Осылардың ішінде біздің заманымызға дейінгі VIII-VI ғасырларға тиесілі, Зайсан ауданында орналасқан Шілікті қорымының орны бөлек. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың ұйытқы болуымен 2017 жылы танымал археолог ғалымдар Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеуов бастаған экспедиция Шілікті өңіріндегі зерттеу жұмыстарын жалғастырып, алтынмен көмкерілген сақ патшасының сүйегі табылған болатын. Жалпы, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи жәдігерлерді зерттеуге, құнды деректерді жандандыруға бағытталғанын атап өту керек.
    Мұнда ардагерлер қауымы алтын адам табылған қорымдарды көрді. Сонымен қатар Зейнолла Бұтабайұлы мен Қоңыр қажы Мәжитұлының мазарының басына барып, олардың рухына бағыштап құран оқыды.
    Зайсан өңірін екі күн аралаған ардагелер қауымы тағылымды жерлерден рухани азық алып, тамаша табиғатқа тамсанып қайтты.

    қатысты посттар

    Б.Сапарбаев Қазақстандағы Литва елшісімен кездесті

    Фариза

    Қазақстанда демалыс күндері (20-21 маусым аралығында) шектеу шаралары күшейтіледі

    Фариза

    Шымкентте көшелер мен үйлердің аулалары залалсыдандырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.