-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Билік және саясат

    Жамбыл жеріне мәжіліс депутаттары келді

    Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру мақсатында алдымызға нақты міндеттер қойды. Тұңғыш президенттің тапсырмасына сай қазір облысымызда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, сүт және ет өнімдерін тереңдете өңдеуге және өндіріс орындарын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Толықтай цифрландырылған «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің іске қосылуы осы сөзіміздің айғағы. Жалпы облысымызда бүгінгі таңда сүт өнімдерін өңдіретін 18 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, жол бойындағы тауарлы сүт фермаларының жұмысын жақсарту да басты назарда екендігі даусыз. Қазірге дейін Жамбыл жерінде жол бойындағы 13 тауарлы сүт фермасы ашылып үлгерді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырыла беретін болады. Ал, Жамбыл жеріне жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов пен Қожахан Жабағиев те осы мәселелерді көтеріп, сүт өндіру орындарын аралады. Депутаттардың өңірге келудегі мақсаты бұл ғана емес. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 міндетінің іс жүзінде жүзеге асырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселесін түсіндіру. Сондықтан халық қалаулылары әлеуметтік нысандардың аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұдан бөлек, кәсіпорындарға да атбасын бұрды. Депутаттар бас сұққан әр ұжымда мемлекет жүргізіп отырған қазіргі саяатты барынша түсіндіруге тырысты. Жылына 80 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі былтыр толығымен автоматтандырылған жүйеге көшкен. Яғни, өткен жылдың соңында қайта кеңейтіліп, модернизиацияланды. Бұл инвестиция тартудың жемісі. Ал зауытқа қажетті шикізат Жуалы, Жамбыл, Байзақ аудандарынан жеткізіліп отыр. Өз кезегінде, зауыт басшысы депутаттарға шаруалардың жағдайын жақсарту бойынша ұсыныс-тілегін жеткізді. Бұл арқылы өнімнің көлемі артып, сұраныс та молаяды дейді ол. Кәсіпорын жетекшісі Әбдіғали Бегімбетов бүгінде 4 ауыл шаруашылығы кооперативімен бірлесе жұмыс істеп отыр. Болашақта тағы 10 кооперативпен бірігіп, сүт өнімдерінің көлемін еселемек ниетте. Ал жұмыс сапарымен келген депутаттар коперативтің құрылуы, ауыл халқының оған біругі табыстың негізгі көзі екенін атап өтті. Бұл тиімді іс — халық әл-ауқатының артуына сеп болса, бір жағы ішкі нарықтағы өнімдерге деген сұранысты еселейді. Қазіргі таңда сүт және ет бағытындағы өндіріс орындарын цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. «Көкжиек-2030» серіктестігі соның айғағы. Сондықтан мәжілісмендер кәсіпорынға ерекше баға беріп, еңбек ұжымының алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Одан соң, халық қалаулылары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жаңартылған материалдық-техникалық базасымен де танысты. Мұнда студенттерді жаңа заманғы технологиялармен оқытып, сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне ат салысып жатқандығын хабардар етті. Бұл заман талабы.

    қатысты посттар

    КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ТАЛАП ЕТІЛДІ

    Фариза

    Қызылорда облысында асыл тұқымды мал саны артып келеді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПТЕН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН «ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫ» ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.