-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Жаназа кезінде ер адам аяқ-астынан тіріліп кетіп, елді шошытты

    Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Лахнау қаласында жаназасын шығарып жатқан еркек аяқ астынан қозғалып, тіріліп кеткен. Ал дәрігерлер алдында оны «өлді» деп, ауруханадан шығарып тастаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтының дерегіне сүйеніп.

    Көлік апатына ұшыраған 20 жасар Мұхаммед Фуркан 21 маусымда, яғни жұмада жекеменшік ауруханаға жеткізіледі. Ал дүйсенбі күні, яғни 24 маусымда дәрігерлер «өлді» деп жігіттің мүрдесін туысқандарына табыстайды. Қайғы жамылған отбасы жерлеуге дайындалады.

    Молаға Фурканның денесін қойып жатқан еркектер оның қозғалатынын байқайды. Бірден олар мүрдені ауруханаға жеткізеді. Дәрігерлер бірден оны тыныс алу аппаратына қосады. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте нашар, өлім мен өмірдің арасында жатқан адам. Бірақ белгілісі, оның миы жұмыс істеп жатқан.

    «Жүрегі әлсіз болсын соғып тұр, қимыл-тіректері де қозғалыста», деп мәлімдеген дәрігерлер.

    Фурканның үлкен ағасы Ирфан бауырын емдету үшін 700 мың рупий төлегендерін, бірақ ақшалары бітіп қалғанын айтқанда, дәрігерлер оны «өлді» деп ауруханадан шығарып тастағанын айтады.

    Қаланың бас дәрігері Нарендр Агарвал бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім етті.

    қатысты посттар

    «Бойкот», «Масқара» Алматыда полиция бірнеше адамды ұстап алып кетті (видео)

    Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды

    Фариза

    «Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін…» — белгілі әнші митингіге қатысты өз ойын білдірді

    Пікір қалдыру

    three × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.