Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Өмірімізді қайтеміз енді, амал жоқ» — Арыстағы банк күзетшісі жұмыс орнын тастамай отыр

    24 маусымда Арыс қаласында орын алған жарылыстан кейін, қала тұрғындары көрші аудандар мен Шымкент қаласына түгелдей көшірілген болатын. Арыс қаласына кіріп-шығуға мүлде мүмкіндік те болмаған.

    Дегенмен жоғары қауіп деңгейі сақталған мекенді тастағысы келмейтіндер де табылды. Осы уақыт аралығында «Халық банкі» бөлімшесіндегі күзетші қаладан ешқайда шықпаған. Бұл туралы өңірдегі Stan.kz тілшісі хабарлады.

    Алғашқы жарылыста қаладағы 7600 тұрғын үйдің 85%-ның шатыры қирап, терезелері сынған. Банк бөлімшесіне де қатер төнген. Дегенмен жарылыстан кейін елдің көбі сыртқа қашса, күзетші жұмыс орнын босатпаған.

    Журналистерге берген сұхбатында ол: «Біздің кету-кетпеуімізді басшылар шешеді. Cондықтан жұмысты тастап кетуге болмайды. Бізге өзіміздің айлығымыз жетеді. Өмірімізді қайтеміз енді, амал жоқ. Халықтың ақшасы бар. Оны қараусыз тастап кетуге болмайды», — деп ағынан жарылды. 

    Қауіпті аймақ болса да, жұмысын тастап кете алмаған Пернехан Бекмырзаев банк бөлімшесінде ұзақ жылдан бері қызмет етеді. Жарылысқа байланысты қазір Арыста жарық жоқ. Күзетшінің айтуынша, қандай жағдай болса да, басшылық «қайт» демегенше, сол орнынан тапжылмайды, банкті күзете береді. 

    қатысты посттар

    Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде ұсталған 44 адам босатылды

    Қадір түнінің мәні не?

    Қызылорда облысында 2805 адам мемлекеттік грантқа ие болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.