2019 жылдың 22 маусымында Құрлық әскерлері Әскери институтында биылғы түлектер – жас лейтенанттарға әскери оқу орнын бітіргені жайлы дипломдар табыс етілді.
Осы күні әскери саланың жеті мамандығы бойынша арнайы білім алған жас офицерлер оқу орнының кең плацында қаз-қатар сап түзеп, салтанатты түрде құрметті қонақтардың қолынан алғашқы арнайы лейтенант шенін және дипломдарын алды.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/9DED4F7E-49FE-4372-A0AC-E2FE2E341AE2-1024x683.jpeg)
Биыл әскери институттың қабырғасынан 350-ден астам лейтенанттар шығарылды. Қарулы Күштеріне үздік дипломмен институтты 35 офицер бітірді. Институттың құрмет тақтасына «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен және үздік дипломды алған лейтенантар: Жаслан Икимов; Дамир Умаргалиев; Әділет Баймухан; Ержан Мукажанов және Абеке Омаровтар есімдері жазылады.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/58A85C8E-D96A-48BB-871D-F62BCE10328A-683x1024.jpeg)
Құрлық әскерлерінің Әскери институты өзінің тарихын 1970 жылдан бастайды. КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы АЖӘКУ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына ауысты.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/C47F0165-122D-4580-B571-A3DEC4865B7E-1024x683.jpeg)
2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/6E827DA3-6E8B-4E30-89A9-CFA10F27DC48-1024x683.jpeg)
Институттың бас міндеті болып Құрлық әскерлерінің қүрылымдарына жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады. Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды 10 мамандықтар бойынша дайындайды.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/69B4121C-5F8F-4FB3-B10E-AF1EFA5FA8D7-1024x683.jpeg)
Құрлық әскерлерінің Әскери институты ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қорғаныс Министірлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше-мемлекеттердің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындарының тізіміне қосылған. Биыл Қырғыз Республикасынан 9, Тәжікстан Республикасының 10 курсант диплом алып, елдеріне аттанды.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/7BE3D0CB-B2D3-48A6-9A8C-DD35B8BDE7C2-1024x683.jpeg)
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірлігінің басшылары, Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштерінің ардагерлері, Алматы қаласының әкімі, лейтенанттардың ата-анасы және тұған туыстары қатысты.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/B6C89AC8-5EE6-41EF-8C22-07F5BC2975CE-683x1024.jpeg)
Іс-шара барысында 2 курс курсанттары карабинмен саптық жаттығуларын және 3 курс курсанттары әскери қоян-қолтық әдістерін көрсетті.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/DDA424E1-C550-4FFD-819C-EE68B1B79A27-1024x683.jpeg)
Салтанатты жиын соңында бітіруші офицерлер жауынгерлік тумен қоштасып, тиыннан күміс нұр жауғызып, қалындықтарымен алғашқы офицерлік вальс биледі.
![](https://qazweek.kz/wp-content/uploads/2019/06/164FC9D8-70BC-4300-A6D5-7042CE57A6CD-1024x683.jpeg)