Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Құрлық әскерлері Әскери институтын 350 лейтенант бітірді

    2019 жылдың 22 маусымында Құрлық әскерлері Әскери институтында биылғы түлектер – жас лейтенанттарға әскери  оқу орнын бітіргені жайлы дипломдар табыс етілді. 

          Осы күні әскери саланың жеті мамандығы  бойынша арнайы білім алған жас офицерлер оқу орнының кең плацында қаз-қатар сап түзеп, салтанатты түрде құрметті қонақтардың қолынан алғашқы арнайы лейтенант шенін және дипломдарын алды.

           Биыл әскери институттың қабырғасынан 350-ден астам лейтенанттар шығарылды. Қарулы Күштеріне үздік дипломмен институтты  35 офицер бітірді. Институттың құрмет тақтасына «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен және үздік дипломды алған лейтенантар: Жаслан Икимов;  Дамир Умаргалиев; Әділет Баймухан; Ержан Мукажанов және Абеке Омаровтар есімдері жазылады.

    Құрлық әскерлерінің Әскери институты өзінің тарихын  1970 жылдан бастайды. КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы АЖӘКУ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына ауысты. 

    2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді. 

    Институттың бас міндеті болып Құрлық әскерлерінің қүрылымдарына жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады. Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды 10 мамандықтар бойынша дайындайды. 

    Құрлық әскерлерінің Әскери институты ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Қорғаныс Министірлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше-мемлекеттердің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігіп дайындайтын оқу орындарының тізіміне қосылған. Биыл Қырғыз Республикасынан 9, Тәжікстан Республикасының 10 курсант диплом алып, елдеріне аттанды.

    Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірлігінің басшылары, Ұлы Отан соғысының  және Қарулы Күштерінің ардагерлері, Алматы қаласының әкімі, лейтенанттардың ата-анасы және тұған туыстары қатысты. 

           Іс-шара барысында 2 курс курсанттары карабинмен саптық жаттығуларын  және 3 курс курсанттары әскери қоян-қолтық әдістерін көрсетті.

           Салтанатты жиын соңында бітіруші офицерлер жауынгерлік тумен қоштасып, тиыннан күміс нұр жауғызып, қалындықтарымен алғашқы офицерлік вальс биледі.

    қатысты посттар

    Бақыт Сұлтанов: Азық-түлік тауарларының бағасы қолжетімді болады

    Фариза

    Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы пандемияға қарамастан сәтті жүзеге асырылуда.

    Фариза

    Орал мектебінде сабақ кезінде он баланың көзі күйіп қалған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.