Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Модельді шаруашылық құру — етті мал өсірудің тиімді жолы

    Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Сарықобы» шаруа қожалығында «Модельдік шаруашылық құру жолымен етті ірі қара өсіру тиімділігін арттыру жөнінде облыстық семинар болды. Оған облыстың барлық аудандарынан келген шаруа қожалықтарынан жетекшілері мен ауылшаруашылығы институтарынан келген ғалымдар қатысты. Бұл басқосуда «Сарықобы» шаруа қожалығында жүзеге аса бастаған етті ірі қара малын өсіруде жоғары технология қолдану тәсілі жөнінде кеңінен айтылды. Бұл модельдік шаруашылықтар құру бойынша жасалған жоба 2018-2019 жылдарға арналған болатын. Малдың салмақ қосуына қажетті сүрлем, пішендеме бүгінде көп шаруашылықтарда бола бермейді. Оларды қалай, немен ауыстыруға болады? Семинарға қатысушылардың осындай және басқа да сауалдарына академиктер нанымды, түсінікті тілмен жауап берді. Бұдан кейін институт негізгі ғылыми жаңалықтарымен таныстырды. Ол жайылып жүрген малдың ешқайда кетпеу үшін жасалған электр қоршаулар. Ол бойынша жайылымдағы мал сырттай қарағанда көзге ұзын жіп болып көрінетін екі қатар өткізгіш материалмен қоршалған. Оған аккумлятордан алынатын әлсіз тоқ жүргізіледі. Егер, оны қолмен ұстап қалса қалай қайта тартып алғаныңызды байқамай қаласыз. Сиырлар да бір-екі рет осылай ток ұрған соң, қоршауға тіпті жоламайтын болады дейді жоба авторлары. Малшының енді бұрынғыдай малды қайтарып тұруының керегі жоқ. Осында автоматтандырылған суат та бар. Ол жерден сырлар келіп өздері су іше береді. Дамыған шетелдердегідей электр қоршаулары да жасалған. Мал бірінен кейін екіншісіне ауыстырылып отырылады. Фермада энергия көзі ретінде аккумляторды, күн энергиясы батереясын пайдалану жоспарланған. Жайылымды қоршау арқылы шаруашылығықпен айналысу мал ұрлығының алдын алуға көмектеседі. Ғалымдар көрсеткен мұндай жаңашылдық қазір барлық деңгейдегі шаруаларға ұнап отыр деп айта аламыз. Өйткені, Меркі, Сарысу, Талас пен Жуалы аудандарында мал ұрлығы жиі орын алады. Ал, онымен күресте мына жүйе таптырмайтын құрал болғалы тұр дейді шаруалар. Сондықтан да, олар жылда мал ұрлығынан зардап шеккенше, бір рет ақшасын кетіріп, осындай электр қоршауларын орнатпақшы екен. Жалпы, электр қоршаулар жүйесі көптеген батыс елдерінде сәтті қолданылады. Ал, бұл Қазақстанға соңғы кезде келген айтулы жаңалық болып отыр. Бұған дейін еліміз бойынша мал ұрлықтарының алдын алуға малды сырғалау немесе оларға чип салу жұмыстары жүргізіліп келді. Бірақ, ол бүгінгі таңда толық қауіпсіз емес екендігін дәлелдеп отыр. Яғни, мал ұрлығының алдын алып, жаңа технологияда жұмыс істеу заман талабы дейді сала мамандары.

    қатысты посттар

    Шымкент: Дәріханалардағы 61 дәрілік заттар атауына мониторинг жүргізілді

    Фариза

    Жемісті кәсіп — ел берекесі!

    Халықты жұмыспен қамту — өзекті мәселе

    Пікір қалдыру

    three × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.