15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Жол картасы бағдарламасы арқылы 2897 адам жұмыспен қамтылған

    Шымкент қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы негізінде тындырымды тірліктер атқаруда.

    Үстіміздегі жылдың 25 маусымындағы жағдай бойынша жастар практикасымен 1317 жас түрлі жұмыс орындарына жолданды. Жылдың соңына дейін 3000-нан астам жасты қамту жоспарланған.

    Ал, қоғамдық жұмыстарға 2654 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 258 адам жолданған. Шымкентте «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша жұмыстар қарқын алған.

    Аталған бағдарлама жүзеге асырылғалы орталық тарапынан түрлі құрылыс нысандарына жоспардағы 4190 адамның 2897 — сі жолданған.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Қызылордада жылу беру жоспардан ерте басталды

    Фариза

    Ақкөлде ағын су мәселесі шешілуде

    Фариза

    Ауруға ем, сауға қуат – бал қымыз!

    Пікір қалдыру

    eight − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.