-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Халықты жұмыспен қамту — өзекті мәселе

    Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына Жамбыл облысында 2018 жылы 12 млрд. теңге бөлініп, ол жалпы саны 39 263 адамды қамтыған. Оның ішінде жол картасы, жастар практикасы, нәтижелі жұмыспен қамтумен жаппай кәсіпкерлікті дамыту, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту секілді маңызды бағдарламалар бар. Облыста бұл бағыттағы жұмыстар биыл да кең көлемде жалғасын тапты деп айтуға болады. Ол тек, Тараз қаласында ғана емес, бүгінде барлық 10 ауданда да жүзеге асып жатыр деп айтуға болады. Мәселен: халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей бағытталған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы Меркі ауданында биыл сәтті жүзеге асты. Өз кәсібінен нәсібін тауып, мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған жандар ауылды жерлерде де жетерлік. Жұмыссыздықпен күрес – ел дамуына үлес десек те болады! Меркі ауданында «Еңбек» бағдарламасының игілігін көріп отырғандар аз емес. Сөзімізге дәлел ретінде бағдарламаның бірінші бағыты бойынша бір ғана Меркіде екі қолға бір күрек таппай жүрген 360 азамат кәсіптік оқыту бойынша білім алғандығын айтуға болар еді. Ал, екінші бағыт бойынша, үстіміздегі жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 400 адам тартылған. Ал, алты айлық жастар тәжірбиесімен 102 маман жұмыс істеуде. Бұл аудан үшін өте үлкен көрсеткіш болып тұр. Мәселен: Уалихан Құлбай жоғары оқу орнын бітіріп, туған жерді түлету мақастында Меркі ауданына келген. Өз достары мен жақындарынан «Еңбек» бағдарламасының бар екенін естіп, өз құжаттарын өткізіп көреді. Нәтижесінде Жамбыл ауылдық округіне жұмысқа орналасады. Ал, Нұрлан Сейсембаев пластик терезелерін шығарады, мал шаруашылығымен айналысады. Ол еңбекпен келген нан тәтті екенін айтады. Алғашында өз кәсбін фотограф болып бастаған ол бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отырған белгілі кәсіпкер. Осы істің барлығы да мемлекеттік қолдаудың арқасында жүзеге асқандығын айта кету керек. Бүгінде халықтың алғысын алып отырған кәсіпкер ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып, алдағы уақытта кәсбін үлкейту де жоспарлап отыр. Оның ендігі мақсаты – тігін шеберханасын ашып, нәзік жандыларды жұмысқа тарту. Осылайша, жұмыссыз жүргендер өздері қалаған жұмысына орналасып, кәсіпкерліктің көк жиегін кеңейтем дегендер өз кәсбінен — нәсібін тауып отыр. Үкімет көмегіне ризашылықтарын білдірген Меркілік кәсіпкерлер бұрын жұмыстың жоқтығынан Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын шарлап кететінбіз, енді міне, өз ауылымызда жұмысымыз бар, ең бастысы өз отбасымыздың қасындамыз дегенді айтады.

    қатысты посттар

    Меркі ауылында спорт кешені ашылды

    Фариза

    Жамбылда «Ауылым – алтын бесігім» фестивалі өтті

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫҢ САҚТАЛУЫНА БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.