Жұма, 9 Желтоқсан 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Даниал Ахметов: Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-Придің деңгейін көтеру керек

    Тарбағатай ауданына жұмыс сапарымен барған ШҚО әкімі Даниал Ахметов осы өңірде өткен қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы әлемдік Гран-Придің деңгейін көтеру жөнінде ұсыныс білдірді.

    Нақтырақ айтсақ, аймақ басшысы аталған дүбірлі доданың деңгейін Қырғызстанда өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан кем болмауы керектігін ескертті.

    – Бастамаларыңыз дұрыс екен. Бізге осындай спорттық шаралар қажет. Өйткені олар облыс пен жекелеген аудандардың атын шығарып қана қоймай, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулиды. Алдағы уақытта бұл жарыстың форматын өзгерту керек. Аталмыш турнирді дүниежүзілік ойындар түрінде өткізсе деген ұсыныс бар. Әрине, бұл үшін біраз шаруа тындыру қажет. Қаржыландыру жағын да қайта қарау керек болады. Осы жұмыстарды еңсере білсек, Ырғызбай Досқанаұлы атындағы дода деңгейі жағынан Бішкекте өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан еш кем түспейтін болады, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

    ШҚО әкімінің сөзіне қарағанда, келесі жылдан бастап Шығыс Қазақстанда түркі елдерінің кинофестивалін өткізу жоспарланған. Дәл осы Ырғызбай Досқанаұлы атындағы халықаралық доданы да соған орайластырып, екі ірі шараны бір-бірімен байланыстырып өткізуге мүмкіндік бар.

    Естеріңізге сала кетейік, маусымның 14-16 күндері аралығында Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты мәдени-спорттық фестивалі аясында қазақ күресінен әлемдік Гран-При, «Туған жерге туыңды тік» халықаралық ақындар айтысы, «Ұлы Дала қазанаты» атты 140 шақырымдық аламан бәйге мен белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Исламның қатысуымен бокс кеші өтті.

    Қуан Сейіт

    Похожие записи

    Қордайда екі мектеп, бірнеше баспана ел игілігіне берілді

    Фариза

    Семейде балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтеді

    Шымкент: пневмония ауруына шалдыққан науқастардың 80 пайызы жазылып шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.