31 C
Алматы
Суббота, 27 июля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО оқушылары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады

    Маусымның 17-сінен бастап Шығыс Қазақстан облысында «Киелі Алтайым – туған жерім» атты жазғы археологиялық мектеп жұмысын бастайды.

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл мектепке өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша аудандық, қалалық байқаулардың жеңімпазы атанған 8-10 сыныптардың оқушылары қатысады. Онда балалар Шығыс өңіріндегі тарихи ескерткіштерге барып, белгілі археологтардың жетекшілігімен Ұлан ауданындағы Аблайкит, Тарбағатай ауданындағы Елеке Сазында қазба жұмыстарына атсалысады.

    Бұл игі бастама « Оқушыларды археологиялық және өлкетану біліміне араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар байқауына дайындау, жас ұрпақтың туған өлкенің табиғи және мәдени-тарихи мұрасына деген құрметін, қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынып отыр», – деп жазылған жазғы мектепті ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы таратқан хабарламада.  

    Орталықтың ақпаратына жүгінсек, барлығы 160 оқушыны қамтитын археологиялық экспедицияға белгілі археологтар жетекшілік етеді. Атап айтқанда, Елеке Сазында Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор З.Самашев пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры, т.ғ.д. Ә.Төлеубаев жетекшілік етсе, Аблайкитте Франциядағы Нантэ университетінің тарих және география профессоры М.Перу мен Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері Е.Қазизов жетекшілік етеді.

    Жазғы мектеп жұмысы 23 маусымға дейін жалғасады

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Есілге Жамбылдың 540 мың шабағы жөнелтілді

    Фариза

    Шуда тәулігіне 8 мың тонна қызылша өңдейтін қант зауытының құрылысы басталды

    Фариза

    Шымкентте «малахит» платформасы іске қосылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.