-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    “Олар «Бер, бер» дей береді…” — Министр көпбалалы аналар жайлы айтты

    Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналармен 3 маусым күні жүргізен диалогы немен аяқталғанын айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап, Qazweek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі әйелдермен Нұр-Сұлтанда Үкімет үйінің жаңында әңгімелескен еді. Сапарбаевтың айтуы бойынша, көпбалалы аналар алғашқы бастапқы жарнаны төлемей, ипотеканы рәсімдемей, өздеріне баспана талап еткен. 

    «Олай болмайды ғой. Барлығы заңға негізделуі керек. Бізде кезекте тұрған қарапайым адамдар бар. Оларға пәтерді бермей, кезекте тұрмаған әйелдерге үй берейік пе? Қазір көпбалалы отбасылардың саны — отыз бір мың. Үкімет оларды пәтермен қамтамасыз етуді мойнына алды. Ал жағдайы нашар әйелдерге біз демеушілерді тартып жатырмыз», — дейді министр. 

    Бердібек Сапарбаевтың айтуы бойынша, жұмыс сұрайтын әйелдердің саны аз. 
    «Осы толғандырады. Егер олар жұмыс сұрағанда, әңгіме басқаша болар еді. Олар «Бер, бер» дей береді. Олай болмайды ғой. Мамандық болмаса да, біз оларға жұмыс ұсынамыз. «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекеттің есебіне оқып алуға болады. Мамандықты береміз, жұмысқа тұруына көмектесеміз және мемлекет тарапынан ақысыз грант, пайызы ең аз микрокредит береміз. Осымен келіскен әйелдер бар», — деді ол. 

    қатысты посттар

    Тоқаев Nur Otan-ның кезектен тыс съезін шақырды

    Фариза

    «Халық үшін жұмыс істейтін азамат бұлай жасамайды!»

    «Адамзат дәрежесінен сызылған тірі өлік…» Педофил деген кім?

    Пікір қалдыру

    nineteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.