7 C
Алматы
Четверг, 10 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Бұған дейін елорданы Бақыт Сұлтанов басқарған еді.

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып Алтай Көлгінов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

    “Алтай Сейдірұлы Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалсын”, – делінген президенттің жарлығында. 

    Алтай Көлгінов бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. Ал елорданы осы уақытқа дейін Бақыт Сұлтанов басқарған еді. Ол Астана әкімі болып (қазіргі Нұр-Сұлтан) 2018 жылдың 11 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

    Алтай Көлгінов туралы не білеміз?

    Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда Түркістанда туған. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін тәмамдаған. Мамандығы – заңгер.

    Еңбек өтілі

    2000 жылы әскерде борышын өтеген;

    2001-2008 жылдары әділет министрлігі, мемлекеттік қызмет істері агенттігі және бас прокуратура органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды;

    2003-2007 жылдары – мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары;

    2007-2008 жылдары – әділет министрлігі заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының басшысы;

    2008-2010 жылдары – “АлашМедиаГрупп” компаниясы бас директорының орынбасары;

    2010-2012 жылдары – Қазақстан президенті әкімшілігі аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

    2012-2013 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

    2013-2016 жылдары – Орал қаласының әкімі;

    2016 жылдың 26 наурызынан осы күнге дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

    Отбасылық жағдайы

    Үйленген, 3 баласы бар.

    қатысты посттар

    Аяғы сынып, қолы жарақаттанған”: Атамбаевтың ұлы да қамауға алынған ба?

    Алматы мен Шымкентте белсенділер Дулат Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме сұрап ұсталғандарды босатуды талап етті

    Фариза

    Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз – Тоқаев

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.