12 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені…”

    Полицей сөзі грек ті­лінен аударғанда мем­лекет, қала деген ма­ғынаны білдіреді. Кө­рші Ресей патшалығын­да полиция сонау 1719 жылы пайда болған дейді қазақша уикипе­дия. Ал 1917 жылы Ор­ынборда 2-жалпыхалық­тың съезінің шешіміне сәйкес Алаш милици­ясы құрылды. Қатарға 20-35 жас аралығында қазақ жігіттері ал­ынып, олар ел ертеңі үшін үлкен ұрыстарға қатысты. Ал одан әріге кетсе­к, кешегі Бөгенбай, Қаб­анбай, Ер Қосай секі­лді батырлар ескі за­манның сақшыларының қызметін атқарғанын білесіз…

    Полицей – өткенде Ек­ібастұзда ойнап жүріп құм астында қалған баланы құтқарып қал­ған Тахир Қасумов. Полицей – өткенде Кер­екуде үш баласы бар суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қа­лған Айғожин Ербол. Полицей – Қарағанды өңірінде суға батып бара жатқан тұрғынды құтқарып қалған Даст­ан Азанбаев. Полицей – ол өткенде ғана Атырауда көпірден секірген қызды құтқарамын деп қаза тапқан Шалқар Ақымғалиев. Полицей – ол жылдың басында Алматыда бо­лған өртте 6 адамның өмірін сақтап қалған Әлімқыдыр Әділет. Пол­ицей – ол Петропавлда өзін өзі өлтірмек болған 22 жасар қызд­ың өмірін арашалап қалған Денис Коморов. Полицей – ол Таразда болған жантүршігер­лік оқиғада қоғам үш­ін жанын қиған Ғазиз Байтасов емес пе?!

    Бұл дегеніңіз қоғам – полицей, полицей дег­еніміз қоғам ғой. Екі тарап та биліктің ажырамас бөлшегіндей. Бөгенбайға «Ханды қоя бер, біздің қат­арға қосыл» деп айту ақылға сыяр ма еді? Сыйм­айды. Наурызбайдың арқасынан жүгіріп бар­ып тебер ме едіңіз? Мүлдем қисынсыз. Осы екі тарапты ажыратып көрсетіп, бүлікке бастап, сыртымыздан күліп отырғандар жау­ыз емей кім?! Дүкені­ңіздің, алтын сарайы­ңыздың тоналмауы, ба­лаларыңыздың мектепке, балабақша­ға есен-сау барып келуі, алаң­сыз ұйқы, тіпті анау жедел-жәрдемнің де уақытылы үйіңізге же­туі осы полицейлердің еңбегі емес пе?!

    Өз басым Қазақстан полицейін Тәуелсіздік­тің айқын нышаны, аж­ырамас бір бөлігі деп білемін. Бәріміз де «Полицей боламын» деп қиялдап, армандап өстік. Бүгін балаларымыз, немерелеріміз солай деп жүр. Ендеше біз неге арандаймыз?

    Форма киіп, заңға сәйкес міндетін атқарғаны үшін біреудің қамқор әкесін, біреудің жалғыз іні-бауырын, біреудің жап-жас баласын ​жағадан алып, басына секіргеніміз дұрыс па? Ақсақалды көтеріп бара жатса, арандап қалмасын дегені. Әйтпесе алақан жайып Алласына жалбарынып отырған жерінен көтеріп кеткен жоқ қой. Үйде “Балапан” көріп жататын балаңды жұлқылап алып кепсің. Басына бутылка тисе болашағы нешік? Шықпа деді ме, шықпа. Шықтың екен, шырылдама. Жека секілді Сека да үйіне қайтқысы келмейді дейсіз бе?

    Жазба Azamat Bıtan жеке фейсбук парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    Павлодарда Абай ескерткішін қорлаған адам өз кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрады

    Фариза

    ҰҚК Мәсімовке қатысты тергеу ісін аяқтады

    Павлодарда жыртылған ту желбіреп тұр

    Пікір қалдыру

    20 − fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.