-2.6 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Біздің қолдан келмеді, кешіріңдер… — қазақ жастарына

    Сөз арнадым көзі ашық, кемел жасқа –
    Сенетұғын кім қалды сенен басқа!?.

    Жасып кеткен екенбіз көп қайралып,
    Е-е-ең шешуші кезеңде өтпей қалып –
    Ел сенімін жоғалттық, енді бізге
    Қарамаңдар, лаулаңдар отқа айналып!

    Құлай сүйсе құшағы — мейір қазақ,
    Құрбаның да болуға бейіл қазақ.
    Алды-тұйық, арты-жар,
    алып шықсаң
    Айта жүрер аңыз ғып кейін қазақ!

    Жалпы қазақ мерейін өсіріңдер,
    Басы болсын өрлеудің осы күндер,
    Елордаға өзінің есімін бер –
    Ендігі үміт сендерде, кейінгі жас
    Біздің қолдан келмеді, КЕШІРІҢДЕР!

    Әубәкір Смайылов

    Серік Аббас-шахтың Facebook парақшасынан алынды

    қатысты посттар

    Алматыда 11 мамырдан кейін де периметр бойынша орналасқан блок-бекеттер ашылмайды. Карантин режимі жалғасады

    Фариза

    Елімізде жынысын ауыстырғысы келетіндер көбейіп барады

    Фариза

    Бүкіл әлем коронавируспен арпалысып жатқанда, Президенттік клиниканың дәрігерлері науқастың өмірін аман алып қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.