9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Павлодар облысында 70-тен астам автобус жүргізушісі рөлде отырып фильм көрген

    Павлодар облысында 70-тен астам автобус жүргізушісі рөлде отырып фильм көрген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Рavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

    Тәртіп сақшылары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп өткізген «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жеті күннің ішінде жолаушылар көлігі жүргізушілерінің 400-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзғанын анықтады.

    Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оның басым бөлігі – маневр ережелерін бұзу, 90 жүргізуші жазаланып, 71-і көлік басқару кезінде ұялы телефондардан фильмдер көрген. Көбі техникалық тексеруден өтпеген және автобусты заңсыз қайта жабдықтады.

    “Мысалы, полицейлер  Павлодар – Қызылорда автожолында заңсыз қайта жабдықталған ГАЗ 2217-404 маркалы көлік құралын тоқтатты. Автобусты пайдалануға тыйым салынып, мемлекеттік нөмір белгісін алынды  және жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізді. Ал Павлодар қаласында Торговая көшесі, 4 мекенжайы бойынша «Тойота» маркалы көлік құралын басқарып, кептеліс жасаған жүргізуші ұсталды. Соңғысына қатысты ҚР ӘҚБК 594-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қозғалыс кезінде қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін ГАЗ-А65 маркалы маршруттық таксидің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша жаза қолданылды”, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

    Түрлі бұзушылықтар үшін мамандандырылған айып тұрағына 23 автобус орналастырылды, 28 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі алынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 244 автобустың техникалық сәйкестігін тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін автопарктердің 15 лауазымды тұлғасына қатысты ҚР ӘҚБК 617-бабы бойынша әкімшілік материалдар  толтырылды

    Айта кетейік, «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы 2022 жылдың 2 наурызында аяқталады.  

    қатысты посттар

    Желіде 42 500 теңге төлемі төленіп жатқаны туралы хабарламалар тарауда

    Фариза

    Карантинге қарамастан жүздеген адам Бурабай жағалауына жиналған

    Фариза

    “Халқымның қаны төгілсе, қарап қалмаймын…” – Қайрат Нұртас

    Пікір қалдыру

    16 − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.