24.6 C
Алматы
Пятница, 18 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам Саясат

    «Мен алдандым…» — Ринат Заитов (видео)

    Осыған дейін Қосановтың жоспары мен сайлау алды бағдарламасын насихаттап жүрген Ринат Заитов бір түнде басқаша сөйлеп шықты. Ақын халықтан кешірім сұрап, алданып қалғанын айтып ақталды, деп жазды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KYN.KZ сайтының дерегіне сүйеніп.

    «Қадірменді ағайындар, енді артық сылтаудың дәл осы жерде айтылатын орны жоқ шығар. Жеке өз пікірімді айтайын. Мен осы сайлауды заңсыз деп танимын.

    Себебі, бір емес, ондаған заңбұзушылықтың қасында болып, өзім куәсі болдым. Ал басқа, Әміржан Қосановтың, Дос Көшімнің жасаған жасаған комбинациясына құрбан болдым. Мен алдандым, бірақ мен ешкімді алдаған жоқпын.

    Сенгенім үшін айыптасаңыздар еріктеріңіз. Бірақ дәл қазіргі уақытта есігімнің алдында жүрген тыңшыларға қарамастан айтатын жалғыз нәрсе ер азамат ешқашан екі сөйлемейді.

    Мен сіздерге уәде бердім. Халық қайда болса мен сондамын. Жазғырам десеңіздер, өздеріңіз біліңіздер»,-  дейді ақын Ринат Заитов видео үндеуінде.

    қатысты посттар

    Қордайдағы оқиғадан соққы алған ақсақалдың қазіргі жағдайы мәз емес (видео)

    Фариза

    Бүгін Тоқаев халыққа үндеу жасайды

    Фариза

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы бойынша төтенше жағдай енгізді

    Пікір қалдыру

    ten − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.