7 C
Алматы
Четверг, 10 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Айбек араға апта салып бозкілемге қайта шығады

    Күні кеше Нұр-Сұлтанның төрінде атой салып, екі дүркін «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаровты Өскемен әуежайында жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Құшақ-құшақ гүл, ыстық-ыстық тілектер, әйгілі спортшымен селфилеткен жұрт…

    Туған топырағына табаны тиген Айбектің де көңіл-күйі көтеріңкі еді. Жерлестерімен емен-жарқын амандасып, құшақтасып, құттықтауларды қабыл алып, шешіле сөйледі. Қашан да қолдау-қошеметін аямайтын жанкүйерлеріне құрмет көрсетіп, әрқайсымен естелік суретке түсті. Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруді де ұмытқан жоқ.

    – Белдесулердің бәрі де тартысты өтті. Бас бәйгеден үмітті балуандар бір-бірімен финалға дейін кездесіп қойды. Маған ақтық сында қарсылас атанған Ерасыл інім де осал емес. Екеуіміз де Шығыстың тумасымыз, жарысқа бірге дайындаламыз. Биылғы турнир алдында «финалда екеуіміз күресеміз» деп әзілдескен едік, дәл солай болды. Құдай аузыма сөз салған болуы керек. Бұл жолы менің мерейім үстем болды. Алайда Ерасылдың жеңістері әлі алда. Алдағы жоспарларыма келер болсақ, 15-16 маусымда Тарбағатай ауданында өтетін Ырғызбай Досханаұлы атамыздың атындағы ірі халықаралық жарысқа дайындықты бастаймын. Одан кейін желтоқсан айында өтетін «Әлем барысы», «Еуразия барысы» сияқты байрақты бәсекелерге қатысамын. Осы жарыстардың бәрінде маған қолдау көрсетіп жүрген жерлестеріме алғыс айтамын, – деді «Қазақстан барысы-2019» жарысының чемпионы.

    Естеріңізге сала кетейік, 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан барысы-2019» турнирі жалауын желбіреткен еді. Кіл мықтыларды жинаған бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген 35 балуан қатысты. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан облысының намысын Талғат Әміренов, Ерасыл Қажыбаев және Айбек Нұғымаров қорғады. Аталған балуандардың соңғы екеуі финалда кездесіп, бас жүлдеге таласты. Шығыстың қос алыбының арасында өткен финалдық белдесуде тәжірибесі мол, шеберлігі толысқан Айбек Нұғымаровтың бағы жанып, бас бәйгені қанжығасына байлады. Сөйтіп екінші мәрте «Қазақстан барысы» атанды. Марапаттау рәсімінде Айбекке 25 миллион теңгенің сертификаты, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етілді.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

    Фариза

    Семей әкімі құнды құжатпен танысты

    Шымкентте миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.