22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өскемендік оқушы бесік жырын айтатын «Smart бесік» ойлап тапты

    Өскеменде өткен дәстүрлі «JastarTime» VII IT-фестивалінде оқушылар ұсынған бірнеше жоба көпшіліктің қызығушылығын туғызып, мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Аталмыш фестивальді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов арнайы келіп тамашалады.

    Жастар жылы аясында ұйымдастырылған шараға облыстың барлық ауданы мен қаласынан 200-ден астам оқушы мен студент қатысты. Жастар ойлап ттапқан жобалар ішінде бесік жырын айтып, өздігінен тербетілетін «Ақылды бесік», күн мен желден қуат алатын «Болашақтың коттеджі», пульт арқылы басқарылатын «Өрт сөндіруші робот», көру мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Сиқырлы қолғап», латын қарпіндегі қазақ әліпбиін үйренуге көмектесетін «Электронды оқулық» және басқалар болды.

    – Осыдан 10 жыл бұрын біз смартфон арқылы көптеген операцияны іске асыруға болатынын білген де жоқпыз. Қазір адамзат баласы революциялық өзгерістерге толы дәуірге аяқ басты. Бір кездері тек қиял болған дүниелер қазір күнделікті өмірімізде қолданылып жүр. Ендеше жастарымыз уақыт көшінен қалмай жаңа технологияны жақсы меңгеруі керек, – дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

    Сөйтіп фестивальдің бас жүлдесін Өскемендегі №1 орта мектебінің оқушысы Әли Бердібек иеленді. Оның «Smart – бесік» жобасы онлайн дауыс беру нәтижесінде үздік шықты. Ақылды бесік жылаған сәбиді тербетіп қана қоймай, оған сүт беріп, бесік жырын да айтады.

    Айта кетейік, қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысындағы 655 мектепте IT-сыныптар жұмыс істейді.

    Қуан Сейіт

    қатысты посттар

    Шығыс Қазақстанда мектеп оқушыларының өлкетану-зерттеу экспедициясы басталды

    ШЫМКЕНТ: 90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ ПНЕВМОНИЯДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

    Фариза

    Ауылды жерде шағын кәсіпкерлікті дамыту

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.