7 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Әкесі асүйде жүргенде 1 жасар қыз ваннадағы суға батып қаза тапты

    Қарағандыда бір жасар қыз өз үйіндегі ваннада суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

    Қарағандыда 30 жастағы ер адам бір жасар қызын су толтырылған ваннада жалғыз қалдырып, өзі асүйге кеткен. Осы кезде сәби суға батып кетіпті. Ер адам қайтып келгенде, қызының жансыз жатқанын көрген. 

    «Аталған факт ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне енгізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады», – дейді облыстық полиция департаментіндегілер. 

    қатысты посттар

    «Қандастарды қаңғытып жіберді» – заңгер СҚО-дағы аудан әкімін жауапқа тартуды талап етті

    Фариза

    “Баласының туған күнін тойлаймын деп әкесінің жаназасын шығарды” Шамалғандағы апатта мерт болған автобус жүргізушісі жер қойнына тапсырылды

    Фариза

    Зайсандағы жағдай: “Қит етсе, әскерді тасығанды қою керек”

    Пікір қалдыру

    11 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.