14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Ұлы ақынның мерейтойына дайындық басталып кетті

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық
    мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған орай Шығыс
    Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Əсем Нүсіпова Семейде зиялы қауым
    өкілдерімен кездесіп, хəкім тойын жоғары деңгейде ұйымдастыру мəселесін
    талқылады.
    Ұлы ақынның атымен аталатын театрда өткен кездесуге Абай ауданының
    əкімі, мəдениет саласының өкілдері, мұражай, театр, кітапхана, қоғамдық
    ұйымдардың жетекшілері қатысты. Кездесу барысында айтулы мерейтойға биылдан
    бастап қамдану қажеттігі ескертіліп, атқарылатын іс-шаралардың мəн-жайы
    пысықталды.
    Облыс əкімінің орынбасары былтыр Өзбекстанда Абай жылына арналған
    бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылғанын, өңірімізде «Рухани жаңғыру»
    аясында «Абай əлемі» кітаптар сериясы шығарылып жатқанын, театрлардың
    репертуарында «Жас Абай», «Шəкəрім. Жолсыз жаза», «Абай», «Адамзаттың бəрін
    сүй» сынды мазмұнды қойылымдар бар екенін атап өтті.
    Сонымен қатар 20 жылдан бері облыс əкімдігінің ұйтқы болуымен 5-11 сынып
    оқушылары арасында дəстүрлі «Абай оқулары» өткізілсе, «Рухани жаңғыру»
    бағдарламасы аясында былтыр «Əдеби Шығыс» жобасы іске асып, оқу-тəжірибелік

    турлар ұйымдастырылған. Соның нəтижесінде екі мыңнан астам оқушы Абай-
    Шəкəрім мемориалы, Абайдың музей үйі, Семейдегі Абай музейі, Күшікбай бұлағы,

    «Еңілік-Кебек» ескерткіші, Невзоровтар отбасы мен Ф.Достоевский музейлеріне
    жəне тағы басқа тарихи-əдеби орындарға барып, тарихи орындармен танысты.
    Алдағы жылы қазақтың мəдениетін, тілі мен салт-дəстүрін Абай шығармалары
    арқылы насихаттау мақсатында 175 жылдыққа орай, өзге ұлт өкілдері арасында
    Абай оқуларын өткізу жоспарланып отыр. Иə, бұл басы ғана. Мерейтойдың ауқымы
    бұдан əлдеқайда кең болары сөзсіз. Алдағы күндері арнайы құрылған жұмыс тобы
    нақты ұсыныстар əзірлеп, облыс əкімі мен Мəдениет министрлігіне ұсынатын
    болады.
    Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында ұлы Абай есімін 106 көше, 15
    мектеп, бір аудан, бір кітапхана, бір театр, бір музей, бір қоғамдық қор еншілеген.
    Семей қаласында салынып жатқан заманауи мəдени-спорттық кешен де хəкімнің
    атымен «Абай Арена» деп аталады.

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының әкімі жылу маусымына дайындық барысын пысықтады

    Фариза

    Жамбылда кондитерлік бизнес қарқын алды

    Шымкент қаласының әкімі Кореяның бас консулымен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.