-3.1 C
Алматы
Понедельник, 29 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етілді

    Семейде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай көрнекті ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың мемориалды кешеніне және Қазақ қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Даңқты жерлестерімізді еске алуға зиялы қауым өкілдері , қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Оқу орындарының студенттері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.

    — Біз егемендік үшін жандарын пида еткен бабалар рухына тағзым жасау үшін арнайы жиналып отырмыз. Қылышынан қан тамған кеңестік империя тұсында талай боздақтарымыз көз жұмды. Әлихан бастаған қазақтың серкелері елдік үшін жандарын шүберекке түйіп осы жарқын күнімізді көкседі. Біз бүгінгі ұрпақ бақыттымыз!,-деді қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

    Ресми бөлімнен кейін, жиналған қауым драма театрына барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Ахметтің аманаты» қойылымын тамашалады.

    қатысты посттар

    Шымкентте инвестордың көмегімен ашылған провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

    Фариза

    Шымкенттік өнерпаздар ардагерлерге мерекелік тосынсый жасады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қонаев даңғылы -рысқұлов көшесінің қиылысында жолайрық салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.