Жұма, 9 Желтоқсан 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Семейде қалалық әкімдік жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті

    Семейде қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевтың қатысуымен қалалық әкімдік жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

    Кездесудің шымылдығын ашқан қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбай отырысқа қатысушыларды Жастар жылымен құттықтап, бұл мүмкіндіктер кезеңі екенін атап өтті.

    Отырыс барысында негізгі үш мәселеге баса назар аударылды . Колледж директорлары кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтса, ҚазИГЗУ “Бизнес-инкубатор” орталығының жетекшісі Диас Смағұлов жастарға табысты бизнес жобалар туралы мағұлмат берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда 40-тан астам студент кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асырумен айналысуда.

    – Жыл сайын біз “Startup Battle” байқауын өткіземіз. 2017-2019 жылдары 2 млн. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 10 жоба жүзеге асырылды, – деді Д. Смағұлов.

    Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев облыс басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша және қала әкімі Ермак Сәлімовтың қолдауымен қалалық жастар ресурстық орталығының штаты кеңейтілетіндігін атап өтті.

    – Семей-жастар қаласы!,- деді А. Садырбаев. – Бүгін жиналған жастар футболка және эмблема түсі бойынша ерекшеленгенімен , бәріміздің мақсатымыз бен міндетіміз бір, ол еліміздің гүлденуі.

    Кездесу соңында А. Садырбаев Семейде жастар ұйымдарын ашқан екі еріктіге мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етті.

    Похожие записи

    Өңірдегі ет экспорты артып келеді (видео)

    Қызылорда облысында мұнай өндіру төмендеуде, алайда өңдеу өнеркәсібі белсенді дамуда

    Фариза

    Қызылордада жылу беру жоспардан ерте басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.