-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Назарбаевқа Сенат депутаттары тағы бір мәртебе берді

    Депутаттар Елбасының Қазақстанның конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті

    Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    Бүгін Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру мәселесі қаралды. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.

    Депутаттар Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы, Қазақстан тұңғыш президенті – Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанның конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ, отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін ерекше атап өтті.

    Сенат депутаттары Тоқаевтың Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.

    «Бүгін біз тарихи шешім қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру Елбасының Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан тарихи үлесі мен Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген орасан зор еңбегіне берілген әділ баға мен құрмет деп санаймын. Сіздерге көп-көп рақмет. Енді анда-санда осы сенатқа келіп тұрады деп сенеміз», — деді сенат төрағасы Дариға Назарбаева. 

    Назарбаевтың басқа қандай мәртебелері бар?

    Президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойына тұңғыш президент – Елбасы мәртебесіне ауысты.

    Сонымен қатар, Елбасы тарихи миссиясына байланысты Қазақстанның қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқарады.

    Түркия президентінің ұсынысымен Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді.

    Бұған қоса, 29 мамырда елордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитінде Қазақстанның тұңғыш президентіне тағы бір мәртебе берілді. Ресей басшысының ұсынысымен ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын алды.

    қатысты посттар

    БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Мұхтарды жоқ қылып жібермесе екен

    Фариза

    «Әрбір азамат көз жұмған соң азғасын донорлыққа бере ме, оны тірі кезінде айқындап алуы керек» — Нұрлан Нығматулин

    Экс-президенттің қызының адам шошырлық қылмыстары әшкере болды

    Пікір қалдыру

    three × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.