Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Министр: Отставкаға кетуге дайынмын…

    Ұлттық экономика министрлігінің департамент басшысы алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға сотталған болатын

    Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қол астындағы қызметкері Асланбек Жақыповқа қатысты сот үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    “Сот үкімі күшіне енгенде, отставкаға кетуге өтініш беремін. Бұл дұрыс практика. Бұл бірінші басшының моралдық жауапкершілігі. Оның кінәсі қаншалықты екенін жоғары тұрған басшылық анықтайды”, – деді Дәленов сенат кулуарында.

    Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлері жемқорлық жасаса, басшылар отставкаға кетуі керек екенін мәлімдеген еді.

    Айта кетсек, ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповқа биыл сәуір айында 500 мың теңге пара алды деген айып тағылды.

    Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ұлттық экономика министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Жақыповтың ісі алаяқтық бабымен алмастырылды. 29 мамыр күні Есіл аудандық соты шенеунікті кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырған болатын.

    қатысты посттар

    Маска жоқ деген халыққа Біртановтың бар айтқан сылтауы: “Сау адамға қажет емес” (видео)

    “Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы” Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты жарлығы толық күшіне ене алмады

    Фариза

    Тоқаевтың халыққа Жолдауы басталды (тікелей эфир)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.