-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Сарқыт ішек ауруларын тудырады» деген санитар қатты сынға ұшырады

    Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшиннің cарқыт жеуге болмайды деген сөзі түсінбеушілік тудырды. Оның айтуынша, ішек ауруларынан сақтану үшін мерекелік дастарқандағы тамақты үйге алып келмеген жөн. Алайда, бас санитардың бұл сөзіне қарапайым халықтың уәжі бар.

    Бекшин күн ысығында ел ішіндегі ішек инфекциясының артуына алаңдап отыр, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агкнттігі КТКарнасына сілтеме жасап.

    «Ішек аруруларынан сақтану үшін кәмпит және құрғақ конидтерлік өнімдерді есептемегенде, мерекелік дастарқаннан алып келетін сарқытты қолданбау керек», — дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

    Алайда, бас санитардың ұсынысы дәстүрге берік талай жанның наразылығын тудырды. Алматы облысының тұрғыны Мейрамгүл Бекжанованың айтуынша, қанға сіңген қасиет сарқыттан бас тарту мүмкін емес. Үш баласынан 12 немере бағып-қағып отырған зейнеткер сарқыт берекелі тіршіліктің несібесі деп есептейді.

    Дастарқанды басып, сарқыт жинаған жігіттердің әрекеті жұрттың ашуына тиді 

    «Дастарқанда қалған сарқытты алу керек. Өйткені, ол дастарқанның басында ұлы, дана адамдар отыр. Сарқытты келісіп бөліп алып, үйіндегі балаларына, немерелеріне сендерге жұғысты болсын, алыңдар, жеңдер деп апарып береді. Қазіргі сарқыттың мән-мағынасы сол», — дейді Мейрамгүл Бекжанова.

    Ал, этнограф Гүлім Қабдолдинаның айтуынша, сарқыт ғұрыптық мәнін жоғалтпаған ежелгі дәстүрдің бірі. Бала кезінде қонаққа кеткен үлкендерден сарқыт күтіп өскенін жасырмаған этнограф дәстүрден бас тартуға болмайтынын айтады.

    «Тойды тойханада жасайды. Одан көп нәрсе ысырап болып қалады. Сондықтан үй ішінде балалар ауыз тисін деп салып алған өте дұрыс. Гигиеналық талаптарға сай келмейді деп дәстүрден бас тартуға болмайды. Біздің қазақтың дәстүріндегі қай ырымын, қай тыйымын алмайын, көрегендік жатыр әр жағында», — дейді  этнограф Гүлім Қабдолдина.

    Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар десек те, сарқыт алу қазіргі салтымыздың ажырамас бөлігі екені шындық. Демек, бас санитар қанша жерден ұсыныс айтса да, сан ғасырлық ғұрыпты ұстанғандар ата дәстүрден бір күнде бас тарта қоюы екіталай. 

    қатысты посттар

    Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

    Фариза

    Қызылордада 7 типтік мал қорымы салынады

    Фариза

    Қызылордада мобильдік топ тегін қызмет көрсетуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.