-15.1 C
Алматы
Понедельник, 9 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Назарбаевқа тағы бір жаңа мәртебе берілді

    Нұрсұлтан Назарбаев құрметті мәртебені еуразиялық интеграция туралы идеяның авторы ретінде алды.

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе берілді — ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегіне сүйеніп.

    «Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды. Қазақстан атынан аталған бастама үшін Ресей президентіне жеке және оны бірауыздан қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылығымды білдіремін», — деді Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

    Оның айтуынша, Ресей төрағалық еткен былтырғы жыл Еуразиялық эконномикалық одақ үшін оқиғаларға толы әрі жемісті жыл болды. Кеден кодексі күшіне енді, Қытай және Иранмен халықаралық шарттарға қол қойылды, Молдова Ресубликасына бақылаушы мемлекет мәртебесі берілді.

    Главы ЕАЭС и Первый президент Казахстана - Елбасы Нурсултан Назарбаев фотографируются перед заседанием ВЕЭС

    © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отырыстың алдында суретке түсті

    Тоқаев мерейтойлық отырыс Арменияның төрағалығымен өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан президенті армян әріптестеріне табысты төрағалық пен алға қойылған міндеттерге қол жеткізуді тіледі.

    Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығы мен ЕАЭО-ның 5 жылдық мерейтойына орайластырылған Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. 

    Главы ЕАЭС и Первый президент Казахстана - Елбасы Нурсултан Назарбаев перед заседанием ВЕЭС

    © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ ЕАЭО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

    Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Армения премьер-министрі Никол Пашинян қатысуда. 

    Сондай-ақ, отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет Молдованың президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев келді. 

    Флаги стран-участниц у Дворца Независимости перед началом юбилейного саммита ЕАЭС

    © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекеттік тулары

    Еске сала кетсек, ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойды. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.

    қатысты посттар

    «Сіздің жалақыңыздан 1% ұсталады»: Вirgemiz қоры смс-хабарламаға түсініктеме берді

    Фариза

    Президент қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесу үшін Алматыға барды

    Фариза

    «Алдымызда аға бола білдің сен, Саған лайық іні болу бір арман» Болат Назарбаев ағасына арнап ән шығарды (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.