28.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 августа 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қарағандыда Қосановтың қолдаушысын атып кетті

    Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ғалы Бақтыбаевты атып кетті деп хабарлайды Qazweek.kz порталы Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап .

    Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақыпов facebook парақшасында жазды. Оның айтуынша, Ғалы Әділұлы Бақтыбаев жемқорлықпен күресіп жүрген белсенді азамат. Соңғы уақытта ол  9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосановтың жарнамаларын іліп, белсенді жұмыс атқарып жүрген.

    «Жаңаарқада Ғалы деген кісі бар еді. Жемқорлықпен күресетін, сотқа дейін баратын адамтын. Қосанов ағамыздың жарнамаларын іліп, жақсы жұмыс істеп жүрген. Сол кісіні түнде атып кетіпті((
    Жемқорлар тықыр таянғанын сезіне бастады ма? Марқұмның толық аты-жөні Бақтыбаев Ғалы Әдіұлы
    Иманды болыңыз Ғалы аға! Қаныңыз босқа төгілмейді. Уәде берем!», — деді Айсұлтан Жақыпов.

    Бұл оқиғаға байланысты құзырлы органдар әлі нақты мәлімет бермеді.

    қатысты посттар

    Шамалғандағы пойыз апатынан зардап шеккен балалар мүгедек боп қалды

    Фариза

    «10 минут бұрын ғана маған хабарласқан еді…» Батутта көз жұмған баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

    Арыстан кішкентай балаға тап берді (видео)

    Пікір қалдыру

    twenty − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.