Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    10 жыл бұрын жоғалып кеткен «маугли қыз» ата-анасын танымай отыр

    Өзін Сезім Уалихан деп таныстырған 24 жастағы келіншектің КТК телеаранасындағы «Астарлы Ақиқат» бағдарламасында бар шындығы ашылды. «Ешкімім жоқ, өз тілімді де, дінімді де білмеймін, бес жасымнан көшеде тентіреп өстім» деген әйелдің әке-шешесі, күйеуі мен ұл-қызы табылды. Сөйтсе, бағдарламаның бірінші бөлімінде хабарласқан Сезім Уалихан шын мәнінде осыдан 10 жыл бұрын жоғалған 39 жастағы Гүлзат Бекмырзаева есімді келіншек екен деп жазады Qazweek.kz поталы  KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

    Мамырдың 13 күні «Астарлы Ақиқаттың» эфиріне шыққан кезекті кейіпкер өзін 24 жастағы Сезім Уалихан деп таныстырған болатын. Айтуынша, ол өмір бойы көшеде тентіреп, өлместің күнін кешкен. 

    «Әке – шешемді мен білмегенмін. Білмеймін. Кімді іздейтінімді білмеймін. Сөздің ашығы кім деп іздерімді білмеймін», — деген ол.

    Сонымен қатар, келіншек руын, жасын, тегін айтпағанның өзінде азан шақырған атын да нақты білмейтінін мәлімдеді. Есінде қалғаны, бес жасында Вика есімді бойжеткенмен Орал қаласынан пойызға отырып, жол тартқаны. 

    «Бір жерге келген кезде бір милиция қолымнан сүйреп алды да мені пойыздан түсіріп тастады. Сөйттім да енді жан-жағыма қарасам, ешкім жоқ. Жылап, жылап сол жерде қалып, ұйықтап қалдым. Азанда бір апа оятады. Тұр-тұр дейді. Қарасам Вика жоқ, ешкім жоқ қасымда. Бір өзімді түсіріп тастады да менің», — дейді ол.

    Сөйтіп Сезім Шымкент қаласынан бір-ақ шыққан. Содан бастап сергелдеңге түскен. Оның бағдарламаға қатысудағы мақсаты – өзіне және үш жастағы ұлы – Ғаниге құжат жасату болатын. Бірақ бұл өтінішінің соңы үлкен жаңалыққа ұласты. Бағдарламаның бірінші бөлімін көрген көрермендер жалғыз басты ананы танып, оның отбасы барын хабарлады.

    Мамырдың 21 күні эфирде болған Сезім туралы «Астарлы Ақиқат»бағдарламасының жалғасына оның әке-шешесі келіп, кейіпкердің 10 жыл бұрын жоғалған қыздары екеніне көз жеткізді. 

    «Бұл менің қызым. Мен Қызылордадан осы бағдарламадан көріп, танып келіп отырмын. Осыдан 10 жыл бұрын өзі коммерциямен айналысам деп, жоғалтып алдық. Бұның құжаты үйде қалып қойды. Бұл құжатсыз жүрді. Білмеймін ғой, кейіннен Сезімді тауып алды. Бірақ баламның үлкені осы», — деп ағынан жарылды Бегімхан Бекмырзаев.

    Кейіпкердің әке-шешесінің айтуынша, қыздары Гүлзат осыдан 10 жыл бұрын жоғалған. Содан бері перзенттерінің не өлі, не тірі екенін білмепті. Қыздарын теледидардан көрген ата-ана тұңғыш қыздарын бірден танып, студияға келген соң, бетіндегі тыртығын көргеннен кейін күмәндары мүлдем сейілді. 

    «Одан кейін бес жасында ма, төрт жасында ма, велосипедтің цебіне аяғы қысылды. Міне», — деп  Шаһар Қожахметова тағы бәр дәлел ретінде қызының аяғындағы тағы бір тыртығын көрсетті. 

    Бірақ 10 жыл бұрын жоғалған Гүлзат Бекмырзаева туған әке-шешесін танымады. Сондай-ақ студияға Гүлзаттың күйеуі мен ұл-қызы келді.

     Анасының балаларына жылы қабақ танытпағанын көрген қызы: «Осы адам мені туған ана болады. Туған анамды сеземін ғой өзім», — деп көзіне жас алды. 

    Шын мәнінде, 24 емес, 39 жастағы келіншектің бұл әрекетін сарапшылар ұмытшақ ауруына шалдығуы мүмкін деп болжап отыр.

    Бағдарлама соңында Гүлзатты әке-шешесі Қызылордаға алып кетті. Қазір де ол отбасының қасында. Бірақ ойына әлі де ештеңе түспепті.

    қатысты посттар

    Қызылордада 30 дәріханаға мониторинг жүргізіледі

    Фариза

    Ақтаудағы 15 миллион теңгенің «Гүл алаңы» балаларға арналған төбешікке айналды

    Фариза

    Университеттің білдей факультет деканы ақшаны алып, тығылып жүр.

    Пікір қалдыру

    6 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.