-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 15 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО-да сегіз мыңнан астам түлек мектеп бітірді


    Бүгін ШҚО-да 8490 түлек мектеп бітіріп, білім ордасын тәмамдады.

    ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова бүгін Ұлан ауданындағы Таврия орта мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатты жиынына қатысып, мектеп бітіруші түлектерге жылы лебізін білдірді. «Сіздер – біздің болашығымызсыздар, біз сіздерге үлкен сенім артамыз. Ендігі кезекте аймақтың жоғары оқу орындары мен коллеждеріне оқуға түсіп, білікті маман болады деген сенімдеміз. Биыл облыс әкімі Даниал Ахметовтық тапсырмасымен техникалық кәсіби бағытта түлектер үшін 7200 және ЖОО 400 грант бөлінген. Сіздерге сәттілік, бақыт және денсаулық тілеймін», — деді Әсем Нүсіпова.


    Мектеп директоры Мұхамедсапа Мұхитовтың айтуынша, мектепті бітіріп отырған 17 түлектің 10-ы ШҚО-ның коллеждерінде оқуды таңдаған, ал қалған жетеуі ҰБТ тапсырып, аймақтағы жоғары оқу орындарына бақтарын сынап көрмек. Айта кету керек, соңғы жылдары шетелге оқуға түскен түлектер саны 3 есеге азайған.
    Салатанатты жиын барысында шара қонақтары «Рухани жаңғыру» кабинетімен танысты. Әсем Нүсіпова өз кезегінде мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай барлық жағдай жасалғанын айтып өтті. Бұл жерде балалар Шығыс Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және Зейнолла Самашев секілді белгілі тарихшы-археологтардың өмір баянымен таныса алады.


    Аталмыш мектепте ІТ-сынып та қарастырылған. Сонымен қатар кітапханада электронды кітап және QR-кітап жүйесі де іске қосылған.
    Әсем Нүсіпова мектеп ұжымына табыстар тілеп, жұмысты осы қарқында жалғастыруды тапсырды.

    қатысты посттар

    «Елдіктің 7 тұғыры»: Елбасы қағидаттары жамбылдық жастарға жігер сыйлады

    Фариза

    Шымкентте дыбыс күшейткіш құралы арқылы сақтық шаралары түсіндірілуде

    Фариза

    Қазалыда дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.