Сәрсенбі, 7 Желтоқсан 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Рұқсат берілсе де, берілмесе де 31 мамыр шеруге шығамыз – Азат Перуашев

    “Ақ жол” партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Ақ жол” партиясының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін “Алашқа тағзым” атты шеруін өткізуге рұқсат бермеуіне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qazweek.k ақпарат агенттігі Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

    Азат Перуашевтің мәлімдемесін оқырман назарына ешбір алып-қоспасыз ұсынамыз:

    Құрметті қазақстандықтар!

    Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, “Ақ жол” партиясының саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін “Алашқа тағзым” атты шеруін өткізуге рұқсат бермеді.

    Рұқсат бермеуге негіз болған себептері – қып-қызыл өтірік. Біздің өтінішімізде барлық қажетті ақпарат заңға сәйкес көрсетілген болатын. Мемлекеттік органдарды да түсінуге болады: олар сайлау кезінде түрлі арандатулар мен бассыздықтардан қауіптеніп отырған шығар.

    Сондықтан мынаны айтқым келеді: ешкім отқа май құйып, көпшілікті ашындыруға мүдделі емес. Мемлекеттік институттарды әлсірету – азаматтардың өздері үшін де, мемлекет үшін де қауіпті. Ұлттық тәуелсіздігіміз бен жеріміздің тұтастығын сақтау үшін мықты мемлекет керек.

    Сонымен қатар, ол жай күшті ғана емес, әркім, өзінің мүмкіндіктері мен құқықтарын жүзеге асыра алатын, әділетті де, озық мемлекет болуы қажет. Оның ішінде сөз бостандығына деген азаматтардың хақы да бар.

    Мемлекеттік органдар, адамдарды алаңға шығаратын ыза мен кек емес, жақсылыққа деген ұмтылысы екенін түсінгені жөн. Наразылықтың алдын алудың ең тиімді жолы – белсенділерді қамау емес, нақты реформаларды тездету.

    Жоғарыда айтылғандарға байланысты, мен: “Алашқа тағзым” шеруіне рұқсат бермесе де, “Ақ жол” партиясының жетекшілері мен депутаттары 31-мамыр күні “Алаш” қайраткерлері мен қуғын-сүргінге ұшыраған ата-бабаларының портреттерімен олардың ескерткішіне барып, гүл қойып, құран бағыштайтынын жариялаймын.

    Бұл шеру де, митинг те емес. Сондықтан біз осы жолы ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Біздің Қазақ Республикасының болашағы үшін құрбан болғандарға тағзым етуге толық конституциялық хақымыз бар.

    Азат Перуашев,

    Ақ жол” партиясының төрағасы

    Похожие записи

    “Табыс көлемі азайды…” – Тоқаев елдегі проблемаларды атады

    Бердібек Сапарбаев: Екі сиыр түгілі біреуімен де күн көруге болады

    Мұхтар Тайжан Божкоға: Мұндай әңгімені өзіңіздің балаларыңызға айтасыз!

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.